Айдана Мәулен, тілші:
- Жаңа жыл өтіп кетті, бірақ біз «С новым годом, девчонки» фильмінің тұсаукесеріндеміз. Екі жыл бұрын түсірілген кино, осымен бірнеше рет үлкен экрандарға жол тартпақ болып, шықпай қалды. Оған не себеп болды, режиссердан сұрайық...
- Асқар аға, тұсаукесер құтты болсын! Екі жыл бұрын біз фильмнің түсірілім алаңынан сюжет әзірлегеніміз есімде. Тұсаукесер өткен жылдың 31 желтоқсаны, кейін 13 қаңтар дедік, бүгін міне бірінші ақпан. Неге сонша созылып кетті?
Асқар Бисембин, режиссер:
- Өзіңіз білесіз деп ойлаймын, сондай өзгеріс болып жатыр Қазақстанда, сондықтан біз ойладық енді ақпанға ауыстырамыз деп. Енді қаңтар айы қиын болды елімізде. Сондықтан, сол датаны ауыстырдық.
- Уақытының бірнеше рет ауысуына байланысты, фильмнің жарнамасына да біраз шығындалған шығарсыз...
- Ия енді, мойындау керек, жарнама жағына шамалы енді ауыстырғанда енді шамалы ыңғайсызданып қалдық.
- Білем, басында атауы «Три подружки» болды. Неге «С новым годом девчонкиге» тоқталдыңыздар? Жаңа жылды тойлап тастағанымызға бір ай өтті. Әлде қытай жаңа жылының құрметіне ме?
- Мы всегда ставим какую-то рабочее название, оно постоянно меняется. Нам показалось что новый год он все равно остается для многих знаком праздника, для кого-то нет, это вопрос дела каждого. Ну нам показалось что так интереснее звучит.
Фильмнің сюжеті бойынша үш құрбының бірін күйеу жігіті тойға дайындық кезінде тастап кетеді. Дана мен Сая, Жанияға көмектеспек болып, сиқырлы тасқа баруға шешім қабылдайды. Ал, жол үстінде оларды неше түрлі қызықты оқиғалар күтіп тұр.
2 жыл ішінде Дана Есеева көп балалы ана атанып, Сая Оразғалиева екінші баласын дүниеге әкелді. Ал, Жания Джуринская тұрмысқа шығып, жұбайы Данияр екеуі тұңғыштарын күтіп жүр.
Айдана Мәулен, тілші:
Жания, бұл тұсаукесерге сіз аяғыңыз ауыр болып келетініңізді ойламаған шығарсыз, иә?
Жания Джуринская, актриса:
- Два года назад, я даже не знала я через буквально пол года или сколько там выйду замуж, я не подозревала об этом. Ну тем не менее мы это сделали.
- Сюжет желісі бойынша, сізді күйеу жігіт тойға дайындалып жатқан сәтте тастап кетеді. Дәл осындай жағдай өміріңізде болды ма?
- Құдай сақтасын, нет такого не было. Мен тастаған шығармын, бірақ мені такая, нет! Ешкім тастаған жоқ мені! Ондай болған жоқ.
Айдана Мәулен, тілші:
Дана Есееваның бұл фильмге түскенде расымен де аяғы ауыр болған. Түсірілімде құрсақта болған баласын, бәлкім, тұсаукесерге ертіп келген болар, сұрайық...
- Дана, тұсаукесерге кенжеңізді алып келдіңіз бе?
Дана Есеева, актриса:
- Жоқ, олар үйде.
- Құрсақта жатып ойнаған актерды қалай тастап кетесіз?
- Енді, бесеуін алып келсем, қазір у-шу болып кетеді де. Сондықтан да өзіміз, өз семьямызбен барып келеміз киноға, құдай қаласа.
- Фильмде Сая екеуіңіз Жанияға лайық жар іздейсіздер. Өмірде де Жанияны Даниярмен таныстырған сіздер емессіздер ме?
- Жоқ, негізі біз бұрыннан білетінбіз Даниярды. Бірақ өздері танысты олардың.
- Үшінші құрбыларыңыз осында ғой? Қалған құпияны Саядан сұрайық, кеттік...
Айдана Мәулен, тілші:
- Сая, жақында, ұлды болдыңыз. Бауы берік болсын! Құттықтаймыз! Түсірілім кезінде екі жылдан кейін өміріңіз түбегейлі өзгеретінін, бұл киноны төртеу болып, яғни отбасыңызбен көретініңізді ойламаған шығарсыз?
Сая Оразғалиева, актриса:
- Да, мы очень долго ждали этот фильм, ну к слову не знаю как время пролетело, мы к ним очень готовились, все успели побыть беременными, вот ждем теперь Жанию.
- Есіңізде ме, сіз фильмде өз-өзіңізге бір «тілек» тілеген едіңіз....
- Ене туралы ма?
- Жоқ, жақсы жар!
- (Күледі) да, кстати, это было судьбоносный, потому что буквально по случаям этого фильма, я вышла в замуж.
- Демек, сіздің арманыңыз орындалды ғой?
-Ия, әрине.
Айдана Мәулен, тілші:
Үш құрбының бастан кешкен хикаяларын үшінші ақпаннан бастап еліміздің барлық кинортеатрларынан көре аласыздар. Бұл жолы «Точно»!