Айқын Төлепберген жуырда АҚШ-қа аттанбақ! Бірақ, демалуға емес, концерт беруге. Әнші сапарын ақпан айының ортасына қарай жоспарлап отыр. Ол Майами, Лос-Анджелес, Нью-Йорк қалаларында өнер көрсетпек.
Ал, әнші Салтанат Бақаева жуырда төртінші ұлын дүниеге әкелді. Өнер иесі бұл жолы атұстарына есімді жұбайы екеуі бірге таңдамақ ниетте. Мұндай жауапты іске үлкендердің рұқсатын алған көп балалы ата-ана, бүгінде перзентіне қандай ат қоярын білмей дал болып жүрген көрінеді. Бақаева, тіпті фолловерлерінен көмек сұрап, инстаграмына жазба қалдырған.
Салтанаттың әріптесі Жарқынай Ханайым болса ерекше образда фотосессия жасады! Алайда, әншінің желіге жариялаған суретіне теріс пікір білдірген фолловерлерінің саны көп болды. Өнер иесінің оларға айтары бар екен.
Жарқынай Ханайым, әнші:
- «Құрметті ұятмендер, өз ұяттарыңызға ие болыңыздар!» деп қысқа ғана қайырғым келеді бұл фотосессия туралы. Ал, сұлулықты көріп, керемет комментарий қалдырғандарға үлкен рахмет.