«Ninety One» тобы бүгінде Америка Құрама Штаттарына дайындықты бастап кеткен. Шетелдік продюсерлік орталықпен 3 жылға келісімшартқа отырған мемберлер «бірінші тіл үйренуді қолға алдық» деп отыр.
«Ninety One» тобы:
- Ағылшын курстарына барып жүрміз. Ағылшынша кинолар қарап жүрміз, ағылшынша ойлануға тырысып жүрміз, ағылшынша ән жазуға тырысып көргенбіз кішігірім практикалар болып жатыр. Бірақ та біз нақты айтатынымыз: шетелге шығуға дайын екенбіз.
Осылайша, шетелдік нарықты бағындыруды мақсат еткен 91-ліктер, репертуарларының толықтай ағылшын тілінде болатынын айтты. Кью-поп өкілдері тіпті бұрынғы тректерін де аударуды жоспарлап отыр.
«Ninety One» тобы:
- Жалпы жоспарларда болған бізге бір үнтаспаны толығымен басқа тілге аудару деген сияқты, бірақ алайда ол әзірге тек жоспарлар. Жұмыс барысында незігі қазақ тіліндегі альбом әзірге, одан кейінгі этап, оны көреміз.
Еске сала кетейік, «Ninety One» тобы енді «4KZ» жаһандық консалтингтік компаниясының президенті және бас директоры Дэвид Валера Рэйноссомен бірге жұмыс істемек. Ұжым жетекшісі Ерболат Беделхан жігіттер жақын арада АҚШ-қа жол жүретінін айтқан.
Ерболат Беделхан, продюсер:
- Келесі жылдан бастап, келесі жылы сол Америкаға жол жүреді. Негізі осы жылдың осы, желтоқсан айында ұшу керек болатын. Бірақ тағы да бір пандемияға қалып қойды. Бірақ келесі жылы наурызға қарай ұшып кетеді.
Сондай-ақ, жыл соңында қорытынды ән кештерін берген «91» тобының бұл соңғы концерті емес. Жігіттер алдағы уақытта, әдеттегідей өнер көрсетулерін тоқтатпайды.
«Ninety One» тобы:
- «Бұл біздің соңғы концерт» деген әр түрлі әңгімелер естіп жатырмыз, жоқ, негізінде ешқандайда соңғы концерт емес және де ол әңгіме қайдан шығып кеткенін де өзіміз түсінбей қалдық. Негізі, барынша көрінген жерде айтуға тырысып жүрдік «бұл соңғы концерт емес», - деп. Алайда, осындай, қалай дейді... «сарафанное радио».