ТМД-лық тыңдармандарын қуанту үшін V $ X V Prince шетелге гастрольдік сапарға аттанды. Музыкант Ресейдің бірнеше қаласында жеке ән кешін өткізбек. Ол үшін біраз уақыт Мәскеуде тұрақтаймын деген ол сол жақтағы әріптестерімен коллабарация жасамақ ниетте!
V $ X V Prince, рэпер:
– Көп жаңалық бар, қазір айта берсем, просто оны істеу керек потом, өз-өзі шығады ғой. Көп зат болады, көп фит болады, көп клип болады. Мен ертең Москваға кетіп бара жатырмын, Құдай қаласа, и там будем.
Жас музыкант Интроверт болса, бүгінде ресейлік лейблмен келісімшартқа отырды. Өнерпаз шетелдік продюсерлерден арнайы шақырту алған-ды. 2013-шы жылдан бері орыс тілінде ән жазатын Диас Аябек бұл ұсынысқа ойланбастан бірден келіскен.
IntroVert, музыкант:
– Біздің әртістердің көбісі Ресейдің танымал лейблдармен жұмыс істейді. Мәселен, «Warner Music», «Atlantic Records» сынды студиялар бізді қол астына алды.
Жастар арасында кеңінен танылған IntroVert: «Енді шығармашылығымды уақытша Ресейде шыңдаймын», - деп отыр. «Бұл ТМД-ға тез танылудың жолы», - дейді ол. Еске салсақ, Диас Қырғыстан, Өзбекстан елдеріне де жиі шақырту алады.
IntroVert, музыкант:
– Бірнеше айға Мәскеуге жол тартамын. Себебі, мен орыс тілінде ән жазғаннан кейін, аудиория сол жақта деп ойлаймын. Егер ТМД-ға танылғың келсе Ресейде оған мүмкіндік көп.
Ал Cali болса, таяуда ғана Ресейден Алматыға оралды. Соңғы үш жылда Мәскеуде музыкамен айналысқан рэпер біраз тәжірбие жинағанын айтады. Енді жеке шығармашылығын Қазақстанда қайта жалғастырамын деген Абылай, отандық рэп индустрияға қосары бар екеніне сенімді.
Cali, музыкант:
– Қазір Алматыдамын. Мәскеуде карантин болып жатқанда жалғыз болғым келмеді, жақындарымның бәрі осында, оған қоса, мен өзімді шетелде сынап көрдім, енді жаңа дүниені елімде де жасасам деймін.