Алайда неліктен танымалдардар бір-бірінің басылымын оқуға құлықсыз?
Кітап жазу үрдісін бастағандардың бірі - Ләйлә Сұлтанқызы. Оның 2016 жылы «Менің екінші кітабым» атты автобиографиясы жарық көрсе, «Әйел» атты екінші басылымы 5000 данамен таралып үлгерген еді. Кейіннен, Баян Алагөзова өзі туралы туындысын жарыққа шығарып, продюсердің еңбегі
2018 жылы ең көп сатылған оқулықтардың бірі атанды.
Алайда, әріптестерінің мұндай жетістігі Ерке Есмаханға шалқар шабыт сыйламаса керек. Ерке қыз әзірге қалам тербеуге асықпайтынын айтады. «Өмірімнің бәрін желіде жариялап отырмын ғой. Кітап жазу ерте»,-дейді ол.
Ерке Есмахан, әнші:
– Жоқ. Мен білмеймін бір, 80-ге, 90-ға келгенде, қартайған кезде жазбасам «Еркенің жүріп өткен өмірі» деген сияқты. Әзірге жоқ. Әзірге әнімді айтып, сіздердің алдарыңызда осылай күліп-ойнап жүргім келеді.
Ерке Есмаханның сөзіне, Асхат Садырбай да қосылады. Журналист өз кітабын жазып, баспаға беруге асықпағаны былай тұрсын, шоу-бизнес өкілдерінің туындыларын оқымайтынын айтты.
Асхат Садырбай, журналист:
– Ешкімнің ондай өмір баяндық кітабын оқымадым. Өйткені маған аса қызық емес. Енді заманың түлкі болса, тазы болып шал дейді ғой. Егер өтіп жатса, сатылып жатса, оны алып жатса біз не дейміз? Тек қана сәттілік тілейміз.
Ал талай оқулықтардың оқырманға жетуіне септігін тигіп, баспалармен тікелей байланыс орнатып жүрген бизнесмен, блогер – Бейбіт Әлібеков. Бірақ ол қит етсе кітап шығарып кететін танымалдарды түсінбейтінін айтып дал.
Бейбіт Әлібеков, блогер:
– Талай туындының жарық көруіне мұрындық болғанмын. Тіпті Илон Маскты да қазақшаға аударғанмын. Ал атағыңды қолданып, адамдарға пайдасы жоқ, берері аз өзің туралы оқулықты шығарудың не мәні бар?
Ал Айым Сейтмет бұл тақырыпқа ойланып көрмепті. Десе де актриса, кітап шығару келешектің еншісінде екенін айтады. Әзірге қолтұсау болып тұрған, жұрттың сыни пікірі көрінеді.
Айым Сейітмет, актриса:
– Өзім... Білмеймін. Менің ойымша, оны мүмкін прямо в осознанным возрасте написать, когда есть о чем тебе сказать. Өмір көріп тәжірибе жинаған соң жазған абзал. Әйтпесе адамдар: «Мынау не айта алады?» деп сынайды ғой.
Еске салсақ, жұрттың пікірі жуырда ғана «Сезін» атты кітап шығарған Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримоваға да қарша бораған болатын. Алайда, актриса: «Мақсатым ақыл айту емес, бар болғаны өзім сынды аналарға бағыт-бағдар беру», - деген еді. Өнер иесінің айтуынша, бүгінде басылымның сатылымы жаман емес.