Шоу-бизнесте жағымды жаңалығын фотосессия арқылы жеткізу жаңа үрдіске айналғандай! Әсіресе Әсел Асқар жүктілігі кезінде батыл образдағы суреттерімен ерекшеленгісі келген еді.
Әсел Асқар, актриса:
– Оған уже біздің халық деген үйреніп қалу керек қой енді. Ол енді өнер. Өнер жолындағы адамдар, сол ішкі дүниесін солай ғана көрсете алады. Солай өздерінің ойларын жеткізе алады. Неменеге адамдар шулай береді мен соны түсінбеймін.
Бүгінде блогер екінші атұстарының дүниеге келуін күтіп жүр. Ал Сая Оразғалиеваның тұңғышының жасы 12 де. Араға біраз уақыт салып, тағы да құрсақ көтерген ол фото арқылы жүктілік кезін барынша есте сақтап қалуға ниетті. 33-ке келген өнер иесі биыл екінші мәрте отау құрған болатын.
– Қызық болып көрінсе де, мен мұндай кезеңді қатты жақсы көрмеймін. «Ой сиқырлы, керемет сезімдер», - деп қабылдамаймын. Шынымды айтайын, бәріне сабырлы қараймын. Ал фотоларды есте қалу үшін жасадым. Себебі, тұңғыш балама аяғым ауыр кездегі суреттерім жоқ екен.
Ал Айнұр Ілиясова үшін әрбір жүктілігі сиқырлы кезең! Бүгінде 2 ханшайымды тәрбиелеп отырған актриса ұзаққа дейін аяғының ауыр екенін жасырып келген еді. Кейіннен әдемі суреттері арқылы сүйінші сұрап, тіпті құрбыларының басын қосып, гендер пати де өткізді.
Айнұр Ілиясова, актриса:
– Фотосессия жасадым, 2 фотосессия болды. Біреуі жаңағы табиғатта, біреуі студияда. Табиғаттағы фотосессия шықты, инстаграм желісіне салдым. Енді студиядағы фотосесияда желіге шығарамын.
Еске салсақ, бүгінде Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек, әнші Салтанат Бақаева да сәбиінің дүниеге келуін күтіп жүр.