Фотошоп жасап, артық қыламын деп тыртық қылып жататын жұлдыздар жетерлік! Әсіресе ел алдында жүрген блогерлердің суреттері жұрт талқысына жиі түседі. Мысалы, Мерей Абиловаға хейтерлері оның инстадағы бет-әлпеті өзінікі емес деп кері пікір жиі жазады.
Мерей Абилова, блогер:
– Пинтереске жаздым, реторо стиль деп. Потом қайсысы шықты соның ұнағанынан таңдап істедім, біреуден қайталаған жоқпын. Шүкір енді, барлығымызға берген. Даже сестренкама шейін, барлығында бар и ойда жоқ түрімде ештеңке өзгерту вообще ойда жоқ, все устраивает.
Желі жұлдызы Дарикорн да суреттерін инстаграмға салмас бұрын өңдеп алып, содан кейін жүктейді екен. Бірақ, Дариға фотоларын еріккеннен емес, кезіндегі жайсыз бір оқиға салдарынан әрлеп, өзгертетінін айтады.
Daricorn, блогер:
– Ой, конечно. Суретке фотошоп это обязательно. Бүкіл жеріме жасаймын, в основном былай фотоларға түскенде бетім жылтырап тұрады сол жерлерді кішкене матовость қосасың. Менің мұрным авариядан кейін қисық болып үлкен болып кеткен сынғаннан кейін и соны кішкене түзетемін болды.
Сабиркин болса, табиғилиқты жөн санайды. Блогер фотоларын желіге ешқандай фильтр мен эффектсіз жүктеуге тырысады екен.
Sabirkin, блогер:
- Мен өзім ойлаймын өмірде кейде көріп қаласың ғой адамдарды маскасыз түрі басқаша екен ғой деп ойлайсың. Сол себепті ондай болғанын қалаймын. Өзім қалай бар солай көрсетуге тырысамын.