Танысының тойына барса, өзі де мереке жасауға міндетті! Бұл Марат Омаровтың ойынша, бұл туған өлкенің жазылмаған заңдарының бірі екен. «Несие ала ма, қарыз ала ма, ол шара иелерінің өз қалауы», - дейді әнші.
Марат Омаров, әнші:
– Енді ол жүйе болып кеткен. Мысалы Оңтүстік өңірінде, бізде жүйеге айналып кеткен ол. Қандай той болмасын, мейлі бесіктой болсын, шілдехана той болсын, құдалық той болсын. Соған үйреніп қалған халық. Өйткені 1-2 тойға барғаннан кейін, ол міндетті түрде той жасауға мәжбүр.
Ал талай тойды 5 жыл бұрын шыққан бір ғана «Мария Магдалена» әнімен шулатып жүрген Асхат Тарғынның пікірі керісінше. Өнер иесі несиеге белшесінен батып, танымалдарды шақыру үрдісіне қарсы.
Асхат Тарғын, әнші:
– Енді кредит алып шақырған дұрыс емес енді. Қалай болғанда да әркім өз көрпесіне қарай көсілу керек қой. Қазіргі жастардың да талабы солай ма, әке-шешесін қинау да мүмкін біреулер мысалыға.
Талғат Жорабаев та қарызға қарсы. Дегенмен той-томалақтан қалмай жүргенін айтады. «Шыны керек, ол адам несие алып, шақырып отыр ма деп осы уақытқа дейін ойланбаппын», - дейді Талғат.
Талғат Жорабаев, әнші:
– Болып жатыр енді. Өздеріңіз білесіздер ғой, барлығы әйтеуір есікті жауып алып, артынан кіріп болсын той жасап жатыр. Бұйыртқан тойдан қалмай жүрміз.