«Darkhan juzz» енді соло әнші емес, «топ» ретінде өнер көрсетпек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Құрам гитара, барабан секілді музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын өнерпаздардан тұрады. Дархан ұжымына ерекше есім бергісі келген екен. «Бірақ ойлағанымды әлі жүзеге асыра алмай жатқан бір себебім бар», - дейді әнші.

DARKHAN JUZZ, әнші:

– Балалар оқыған, біледі және сезінеді де бір жағынан. Ең бастысы соның бәрін қосып қазір жақсы, жаңа қадам басып жатырмыз. «Тебірен» деп қойғым келеді. Бірақ енді қазір әзірше тебіренді ешкім білмейді. Әзірше «Дархан Джузз». Қазір біз «Тебірен» деп шықсақ жаңа әндермен онша өтпейді дейді білетін адамдар.

Алайда Дархан Джузге армандаған тобын құрып, өзі қалаған өнерпаздарын табу оңайға түспепті. Ол талантты жігіттердің жинақтау үшін бар күш-жігерін жұмсаған.

DARKHAN JUZZ, әнші:

– Группамен шығатын болдық. Кішкентай кезімнен арманым болатын, ол қиын екен жинау. Кейде кейбіреулерде бірден пайда болады. Кейбіреулерде менікі сияқты қиын.

Бүгінде Дархан топтағы әріптестерімен бірге шығармашылықта барынша еркін болуға тырысады. Тіпті, әнші «Дедлайн» деп жігіттерді асықтырмайды екен.

DARKHAN JUZZ, әнші:

– Білмеймін, вот пока бәрі жұмыс барысында бір 20 әндей, плюс минус 20 әндей жиналды. Бірақ оны в общем асықпай көреміз, көктемде ма, қыста ма асықпай шығарамыз. Бір өзімізге дата қойып жатқан жоқпыз, шектеу қойып жатқан жоқпыз, дайын болғанда шығады бұйырса.

Алайда, Дархан өзі құрған топтың продюсерімін деуден аулақ. Ұжым ретінде қаражат жағын қарастырып, мәселені оңтайлы шешпек. Ол үшін жігіттер шығармашылықтарын монетизациялаудың түрлі жолдарын зерттеп жатқанға ұқсайды.

DARKHAN JUZZ, әнші:

– Қазір дистрибуция тоже қалай істейміз білмей жатырмыз. В общем өзіміздің бір команда пайда болды. Бір топ үлкен, үлкен боп келе жатыр.