Қайсы бірімен алыса беремін! Бұл Мерей Абилова ұстанатын қағида. Кезінде себепсіз, әр әрекеті күлкі-мазаққа айналып кете беретін арудың, бүгінде хейтерлері аз. «Бәрін уақыттың еншісіне қалдырып үйрену керек», - дейді ол.
Мерей Абилова, блогер:
– Комментарийлерді ашпайтын кезім болады. Өзімнің настроениемді түсірмес үшін. Разиядан кейін уже қазір хейт жоқ та менде қарап тұрсаң. Почти комментарийлердің бәрі положительный. И ол что доказывает, что адамдардың ойлары өзгере алады.
Ал Жарқынай Ханайым 6 жылдан бері өзіне айтылатын негативтерге көндіге алмай келеді. Актриса: «Адамдарға қауесет керек. Аңдығандары менің өмірім»,-деп қынжылды.
Жарқынай Ханайым, актриса:
– Жоқ, ол ешқашан басылған емес. Мен Баян Мақсатқызының орталығына кіргеннен бастап, өзіміздің сол ауылда бірге тұрған адамдардың өзі: «Сен неге Өзбекстаннан екеніңді айтпайсың. Айт. Неге ұяласың ба не?», - деп тиісіп тұрып айтады да. Енді кез-келген жерде айта бермейсің ғой, мен Өзбекстаннанмын, Өзбекстаннанмын деп сұраса да, сұрамаса да мысалы.