Париж сән апталығы аясында су жаңа топтамасын таныстырғандардың тағы бірі – Balenciaga. Әйгілі бренд фэшн-шоуды «Дю Шатле» театрында дүркірете өткізді.
Balenciaga-ның жаңа коллекциясын алғаш болып тамашалауға асыққан жұлдыздардың қарасы мол. Олардың арасында супер сәнбикелер Наоми Кэмпбелл мен Наталья Водянова, актер Эллиот Пейдж, рэп орындаушы Карди Би, сондай-ақ ресейлік блогер Настя Ивлеева да бар.
Ал, «Balenciaga» брендінің 2021\22 көктем-жаз коллекциясы «SS22» атауына ие болған. Әйгілі сән үйі су жаңа топтамасын «Симпсоны»
анимациялық туындының кейіпкерлері арқылы таныстырды. Онда қызыл түсті кешкі көйлектер мен ерлерге арналған спорттық үлгідегі образдары байқауға болады.
Аталмыш брендтың директоры Демна Гвасалия, бұл жолы жаңа үлгідегі киімдерді қызыл кілемде таныстыруды ұйғарған. Әйгілі сәнгер дәстүрлі подиумнан бас тартып, ерекшелене білді.