«Variety power of women» шарасы жыл сайын қайырымдылығымен көзге түскен нәзік жандыларды марапаттайды. Жиынның басты мақсаты – әйел теңдігі мен құқықығын қорғап жүрген филантроп арулардың атын ұмыт қалдырмай, еңбектерін елеу.
Осы жылы номинант атанған әйелдер: ақын Аманда Горман, әншілер Кэти Перри, Лорд, актрисалар Рита Морено және Ченнинг Данги. Осы 5 лауреат «Variety» ұсынған журналдың мұқабасына басылып шығарылады.
Ал мерекелік кештің тізгіні актриса, көпбалалы ана, филантроп Анджелина Джолиге сеніп тапсырылды. Энджи аталмыш шараға асыранды қызы Захара Джоли-Питті ерте келген.
Бұл кеште папарацци Кэти Перри мен Орланда Блумның бір-біріне деген жылы қарым-қатынасын байқап қалған. Фотографтар актердың сүйіктісінің көйлегін дұрыстап, көмектесіп жатқан сәтін таспаға тартып алыпты.
Ал Кэтидің акустикалық аранжировкада шырқаған "What Makes a Woman" хит әні кештің көркін келтірді.