Мақпал Исабекова 37 жасында өмірлік жарын кездестіріп, биыл тұрмыс құрған еді! Әнші күйеуімен бірге желіге сурет жүктеп жүрсе де, жүзін жұртқа көрсетпейді. Оның себебін Мақпал тек жолдасының қызметімен баланыстырды.
Мақпал Исабекова, әнші:
- Жеке өмір деген ол маған ғана тиесілі және ешкімге қатысы жоқ. Мен де өз орнымды білемін, мен де мақтана аламын.
Жолдасының жүзін жасыратындар қатарында Динара Сұлтан да бар. Әншінің күйеуі өзінен 17 жас үлкен. Өнерпаз жұбайымен бірге түрлі мерекелік кештерге барып жүрсе де, әлеуметтік желіге фотосын жүктей бермейді. Тіпті, Динара бұрындары жанұясы жайлы жұмған аузын ашпайтын.
Динара Сұлтан, әнші:
- Негізі мен бұрындары айтпайтын едім. Бүкіл құпияны ашпай-ақ қояйын деп. Қазір енді не қалды, ешқандай құпия жоқ. Сый – ол менің балаларым, менің жан жарым.
Ал Әсел Сағатова 2010 жылы белгілі кәсіпкер Радий Мұхамеджановқа тұрмысқа шықты. Екеуі бүгінде бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Актриса желіге балаларымен түскен суретін жүктеп жүрсе де, күйеуін көрсеткісі келмейді. Тіпті, өнерпаз жолдасы туралы ақпаратты өте сирек айтады.
Әсел Сағатова, актриса:
- Үлкен ұлымның есімі Алдияр, ал қызым Айрис. Есімдерін жолдасым екеуміз ақылдасып қойдық. Бүгінде ата-анамыздан бөлек тұрамыз.
Сондай-ақ, жұбайларын жасыратындар қатарында Мөлдір Әуелбекова да бар. Екінші рет тұрмыс құрған әнші маусым айында Айару атты қызды дүниеге әкелген болатын.