«Дайын дүниеге жармаспау керек!», - деп ашық пікір білдірген Мырзахан: «Әнде орындаушының сезімі, жаны, жүрегі, толғанысы мен толқынысы болуы тиіс. Ал өзгенің шығармасын қайталауды мен түсінбеймін», - дейді.
Мырзахан Маханов, әнші:
– Кавер деген – қайталау. Біреудің дайындап қойған, пісіріп қойған тамағын микроволновкаға салып, болмаса қазанға салып ысытып жеу деген сияқты. Кавер өнер деп айта алмаймын негізі.
Ал кавер орындап атағы шыққан – Тұрар Ыдырыс болса, жоғарыда айтылған ойға қосыла қоймайтынын жеткізді. «Неге біз тек бір жақты алып қараймыз? Ол да өздігінше бір өнер», - дейді.
2Rar, әнші:
– Кавер деген былай ғой. Дәл сондай ритммен, ешқандай оранжировкаға, ешқандай звуктар қоспай дәл солай шығара салсаң ол – көшірме болады. Кавер деген – сенің нұсқаң. Ол өлеңді басқаша қып көруің керек та. Ол сол кезде кавер болып саналады. Сондықтан сол әнге жаңа дем бере алсаң, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын.
Хип-хоп орындаушы Taspay да: «Біреуді кавер айттың деп кінәлау негізсіз» деп біледі. «Бірақ біреудің әні өз тректеріңе жетпейді ғой», - деп екіұшты пікір білдірді.
Taspay, әнші:
– Кавер айтып жатқандар көп қой. Егер каверді достойно айтқан болса, ол тыңдалады. Шайқалады адамдар. Ол адамның өзінің айтып шығуына... Кавер айтсын, ол өзінің жеке шығарған әнін болсын. Но жеке шығарған ән лучше ғой полюбому. Ал былай менің ешқандай қарсылығым жоқ.
Кавер бағын жағып, интернет кеңістігінен үлкен сахнаға жол тартқандар тізімінде: Садраддин, Дарикорн, Хансамат, Colorit, Айдос Кәденұлы бар.