Жеңісхан Момышев шығармашылығына қайта кірісіп, ғаламтордың жаңа мүмкіндіктерін жақсылап зерттеп жатқанға ұқсайды. Жеңісхан нәпақасын тек тойдан ғана көретін әріптестерін музыкалық платформалар арқылы табыс табуға шақырады.
Жеңісхан Момышев, әнші:
– Қазір әншілер болсын творчестволық адам болсын кішкене уровені түсіп қалды творчестовның. Тойдан таппаған ақшаларын енді қайдан табарын білмей жатыр. Кейін әншілер ақшасын қайдан табатынын көреді, той емес.
Жыл басында «Hi One» әнін Baha Puper-мен бірге орындап, шоу-бизнеске қадам басқан NNN фолловерлерін қатты таңқалдырған еді.
Осы дебютынан кейін Нұрдаулет Бектұрсын жаңа трек шығармады. Десе де, блогер бұл әнімен тоқтап қалмақ емес, себебі тиктоктың монетизациясын игеруге кіріскен.
NNN, блогер:
– Біздің Қазақстанда интернеттің монетизациясы нашар өте. Енді қазір тикток неге актуальный, өйткені музыкальный чарт қой. Тиктокта рекомендация көп береді.
Дарикорнға танымалдылық блогерлік арқылы келсе де, ол осы уақытқа дейін бірнеше трегіне бейнебаян таспалап үлгерген еді. Дари декреттік демалыста болғандықтан, жақын арада музыкадан тиын табуды жоспарлап отырған жоқ.
Daricorn, әнші:
– Монетизация негізі Қазақстанда дамымаған. Өйткені, бір адамнан даже бір теңге де таба алмайды негізі iTunes, ВКонтакте барлық жерде болса да. Кішкене қазақ әртістерінің, той бизнесте жүрмеген әртістердің жағдай қиындау қазір.