Өмірлері «ертегі» болып көрінетін әртістер қауымынан, көпшілік қайырымдылықты қалтықсыз күтетіні анық. Бірі жария жақсылық жасаса, енді бірі бергенін бүгіп қалғысы келеді. Ал елдің еркесі Мақпал Жүнісова: «Қанша жерде көпке көмектессем де, көзден тасада қалғанды ұнатамын»,-дейді.
Мақпал Жүнісова, әнші:
- Енді мен оны айта берсем, список деген менде мынандай. Кәдімгідей бір дәптерге сыятын шығар. Өте көп қайырымдылық жасаймыз.
«Жақсылықты ең бірінші, жақыныңа жасау керек»! Бұл халық әртісі – Роза Рымбаеваның пікірі. Дегенмен, Қуанышқызының көмегіне жүгінгендер жетерлік екен. «Қолдан келгенше қызмет қыламыз», - дейді өзі.
Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:
- Өзімнің айналамда қаншама достарым бар. Денсаулығына көмектесемін. Операцияларына көмектесемін. Өзімнің айналамдағы барлық бауырларым, туған-туысқандарымның барлығы менің көмегімменен, қамқорлығымменен.
«Патруль» сериалының жұлдызы – Мейірхан Шерниязовтың да, осы уақытқа дейін жақсылығын көргендер жетерлік. Бірақ қайырымдылықты актер, жалғыз өзі емес, жанындағы жолдас жігіттермен бірігіп жасайды екен.
Мейірхан Шерниязов, актер:
- Садақаның екі түрі болады ғой. Біреуі жария, біреуі жария емес деген. Сол сияқты біз жігіттер, бұдан басқа көптеген садақалар жасап жатыр оны білеміз. 99 пайызы көрінбейді.
Бейбіт Әлібековтан да көмек сұрайтындар аз емес. Әлібеков: «Әлім келгенше жәрдемдесемін. Әсіресе инстада жазатындар жетерлік. Жүрегің ауырады»,-дейді.
Бейбіт Әлібеков, блогер:
- Бізге мыңдаған адам өтініш білдіреді, бәрін бірден қамтамасыз ету оңай емес. Біз арнайы тізіммен жұмыс істейміз. Қатты қиналған жандарға бірден көмектесуге тырысамыз.
Қайырымдылық жасаудан алдына жан салмайтындардың қатарында: блогер – Жансерік Қадырбаев, бизнесмен – Қайрат Құдайберген тағы бар.