NNBek дуэтінің орындауында шыққан дәл осы трек, араға 15 жыл салып, Әміренің айтуында қайта хит болды. Шоу-бизнесте тез танылу үшін, танымал тұлғамен бірге ән айтқан абзалырақ. Бұл Ернар Садырбаевтың пікірі. Ернардың олай ой білдіруіне де негіз бар екен.
Әміре, әнші:
– Дуэт, өзімнің жақсы бір саунд продюсер бауырым Аукамен дуэттеріміз бар. Өте жақсы, керемет нәтижелер көрсетіп жатыр. Қаралым жағынан, тыңдалым жағынан. Сондықтан әрдайым мен шығармашылық коллабтарға ашықпын. Мен айтпаймын дейтін, ондай әңгіме жоқ.
Каверден бөлек, дуэт айтып атағы шыққандардың тағы бірі – Тұрар Ыдырыс. Тұрар осы уақытқа дейін ұнайтын орындаушыларына ұсынысты өзі тастап келген көрінеді. Қала берді клип пен әннің шығыны әр кезде әрқалай өтеледі екен. Кейде толықтай Тұрардың командасы қаражатты қамдаса, кейде 50де, 50. «Бірақ бұл жол оңай емес. Бетімді қайтарғандар көп болды. Оның үстіне қалтада қампаймайды»,-дейді әнші.
2RAR, әнші:
– Мен дуэтпен әлі ақша тауып көрмеппін. Шын айтамын. Мен қазір аттарын айтпай-ақ қояйын. Көп қыздар. Қыздарға айттым ғой мен енді. Эстрадада жүрген көп қыздар. Мақпал Исабековамен жаздық бірақ арт жағынан келісе алмай қалдық. Көп қыздар отказ берген. Қазір бірақ сол қыздар маған қайтадан ұсыныс жасап жатыр. Типа жазайық деп. Мен қазір өзінеше...
Ал осы уақытқа дейін бірде бір әншімен дуэт айтпағандардың бірі – Мирас Жүгінісов. «Маған дәл қазіргі уақытта бұл дүние керек емес. Келешекте ойланып көремін», - дейді Мирас.
Мирас Жүгінісов, әнші:
– Дуэтке ой бар. Бірақ жақын арада емес ол. Келесі жылы болмаса. Бірақ қазір ондай ой жоқ пока что.