Битбокстан әлем чемпионы атанған Эльдар Ғабдуллин бала кезінен өнерге жақын болып өскен. Кішкентайынынан үлкен сахнаны қиялдаған ол ең әуеліде музыкант немесе биші боламын деп армандаған екен.
Эльдар Ғабдуллин, битбокстан әлем чемпионы:
– Одан кейін барабан аспабын үйренгім келді. Бірақ мұндай арман мені үшін қымбатқа түсті. Сосын ютубта битбоксты көріп, өзім тегін неге үйреніп алмасқа деген ой келді.
Осылайша, алты жыл бұрын сүйікті хоббиын тапқан Эльдар, битбокспен мақсатты түрде айналыса бастайды. Тіпті, талай конкурстарға қатысып, халықаралық «World Beatbox Championship» сайысында жүлдегер атанады. Онлайн өткен шарада ол Оңтүстік Африкалық өнерпазды жеңіп шыққан.
Эльдар Ғабдуллин, битбокстан әлем чемпионы:
– Қонкурс жариялаған сәтте, бірден өз өнерімді видеоға түсіріп жібердім. Күллі әлемнен тек 25 битбоксер ғана жарысқа түсе алады деген талап болды. Ал, жарысқа өткендерді батл күтіп тұрған еді.
Эльдар Ғабуллин бүгінде Оралдағы тіл үйрету орталығында ағылшын пәнінің мұғалімі. Дәл осы мамандық бойынша колледжі тәмәмдап, бүгінде жоғарғы оқу орнында білім алуда. 21 жастағы ұстаз битбокстан әлем чемпионы атанамын деп еш ойламағын анық. Бүгінде өнерпаз халықаралық сайыстан жеңіп алған 500 долларын қайда жұмсайтынын да шешіп қойған.
Эльдар Ғабдуллин, битбокстан әлем чемпионы:
– Мүмкін жинаймын. Себебі Польшада өтетін жарысқа қатысқым келеді. Сол жаққа шақырту алдым. Тағы бір жоспарым битбокспен кәсіби айналысу үшін «рекордер» сатып алу.
Эльдарға бүгінде қызығушылық танытып жатқандар көп көрінеді. Ал өнерпаздың болашаққа құрған жоспары жетерлік.
Эльдар Ғабдуллин, битбокстан әлем чемпионы:
– Битбоскты мықтап қолға алуды жоспарлап жүрмін. Мәселен, түрлі батлдар ұйымдастыру дегендей. Себебі, бізде жас таланттар жетерлік.