Қойшы бала қашан үлкен сахнаға шығады?

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Айдос Кәденұлы, желі жұлдызы:

Менің атым Айдос. Бөлексаз ауылының қара домалақ баласымын. Қазір тоғызыншы сынып оқимын. Жасым 15-те.

 

Айдос Кәденұлының қазіргі таңда түрлі түсірілімдерден қолы босамайды. «Әнші боламын деген арманым, бұлайша тез орындалады деп күтпедім», - дейді ол.

 

Айдос Кәденұлы, желі жұлдызы:

– Жайлауда кешкі ас ішетінбіз. Бір күні басқа үйден, бір күні өзіміздің үйден. Содан көрші апамыздың үйіне барған кезде, Айдана Қанатқызы деген тәте қаладан келген екен. Қой бағып жүргенде ән айтып жүргенімді естіпті да, сонымен кешкі шәйда ән айтып берсең деді. Содан ол кісі видеоға түсірген болатын. Содан көптеген желілерге салынды.

 

Айдос бұған дейін тек өзінің 500 бас қойына ән айтып келген екен. Тіпті оларды көрермен деп елестететін көрінеді.

 

Айдос Кәденұлы, желі жұлдызы:

– Қойдың артынан жүргеннен кейін, кешке дейін жүруің керек енді. Бағуың керек. Жоғалтып алмауың керек. Маған бір күліп қараған сияқты. Көрермен сияқты елестетем негізінде.

 

Бір ролик, Айдосты ауылдың күйбеңінен суырып алып, Жігер Ауыпбаевтың алдынан бір-ақ алып шығарды. «Енді ел мен Жігер аға артқан сенімді ақтасам», - дейді өзі.

 

Айдос Кәденұлы, желі жұлдызы:

– Өзімнің ауылымның тумасы. Бір бұлақтың суын ішкен, қазіргі таңда ұстазым – Жігер Ауыпбаев ағамызды бала кезден жақсы көрген болатынмын. Жігер ағам сияқты биік-биік белестен көрінсем, ел танитындай бір.

 

Айдосты шәкірттікке алған Жігер, баланы алғаш фейсбуктан көріп, кейін іздеу салған. Инстаграмнан нөмірін тауып, өзі байланысқа шыққан.

 

Жігер Ауыпбаев, әнші:

– Ағасына хабарластым. Осылай-осылай мен Жігер Ауыпбаев деген азаматпын. Иә, сіз біздің ауыл жақтансыз ғой деді. Оған біршама адам хабарласып үлгерген екен. Бірақ көңіліміз сізге ауып тұр деп ата-анасы бар, әжесі бар. Бәрі сізге шәкірттікке бергіміз келеді деп солай тапсырды. Өзім енді баланың бойынан көріп тұрмын.

 

«Ауылым» әніне ремикс жазған – Айсауыт Марат та: «Бала жанып тұр»,-деген пікірде. Бүгінде Марат пен Айдос тығыз шығармашылық байланыста. Тіпті жаңа тректердің жұмысына кірісіп кеткен.

 

Айсауыт Марат, битмейкер:

– Маған просто көбісі жазып жатыр және әкем де жазған болатын «Балам толық нұсқасын жасап берсеңші інімізге» деді. Содан кейін ойланып қалдым, жазып беру керек екен деп...

 

Айдостың айтқан әні алты қырға тарағаннан кейін, танымалдардың талайы Кәденұлына продюсерлік еткісі келіп, ата-анасына қолқалап хабарласқан көрінеді.

Айдос Кәденұлы, желі жұлдызы:

– Қажымұрат, Ұшқын Жамалбек. Алмас дегендер... Сол кісілер хабарласқан болатын.

 

Ал Айдос бүгінде продюсерімен бірге клип пен жаңа әннің жұмыстарына қызу дайындықты бастап жатыр.