«REVUE NEWS» бағдарламасының жаңа маусымы 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, эфирге үздіксіз 10 ай шығып, студияға 160 жұлдызды қонақ шақырған. Әр келген әртіс, бізден құпиясын жасырып қала алмады. Экслюзивті сұқбаттар мен жұрт көзінен тасада қалып, жоғалып кеткен өнер өкілдері де бізден табылды.
Күллі Қазақстанды шулатып, отау тіккеннен кейін алғашқылардың бірі болып, Жаһан Отарғалиев пен Балжан Бидаш бізге сұқбат берген болатын. Жаһан: «Ревюге әр келген сайын, айтпаймын деген дүниелердің бәрін айтып қоя беремін», - деген еді.
Жаһан Отарғалиев, актер:
– Мен сіздерге келу үшін, жаңалық жасайтынымды білесіздер ма сіздер?
– Үйлендің, шақырдық. Киноға түсіп жатсың, шақырдық. Енді Құдай қаласа, балалы бол...
– Қазір келемін...
Жұлдызды жұптарымыз бұнымен бітпейді. Жарқынай Ханайым мен Айдар Асқарбек те ата-ана атанғалы, алғашқы әсерлерін «Ревюге» айтып берген еді.
Бізге эксклюзивті сұқбат бергендердің тағы бірі актриса Жанель Мақажан мен оның болашақ жары актер Абай Асылхан болды. Олар қалай танысқандары мен жұптық өмірлері туралы айтып берді.
Абай мен Жанель, жұлдызды жұп:
– Біз осыдан екі жыл бұрын, бір іс-шара жүргізіп жатып таныстық. Сол екі жылдан бері байланыста болып, бірақ осыдан 5 ай бұрын қарым-қатынасымызды, сезімімізді білдіріп бастадық. Мен үшін ол күтпеген тосынсый болды. Менің жүрегіме ең қатты қонғаны, балаларыммен бірге үшеуі поэзия оқығаны. Көзімнен жас ағып.
Шаңырақ көтергеннен кейін, бірінші бізге келіп, махаббаттары жайлы ашыла айтқан тағы бір өнер өкілдері Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбек еді. Өкінішке қарай, бұл жұптың жолдары артынша екіге бөлінді. Қосағымен қоштасып, жүрекжарды сырымен бөліскендердің тізімінде Ақбота-Нұр да бар. Отағасы Дәурен Айдарқұловпен айырылысқаннан кейін, іштегі сырын «Ревюға» берген сұқбатында алғаш ақтарған-ды.
Жоғарыда аты аталғандардан өзге, ұзақ уақыт жоғалып кетіп, бізге қонаққа келгендерден Аша Матай мен Арман Қоңырбай, Әсем Жакетаевалар бар.
Ал Сиви Махмуди мен Жеңісхан Момышев тұңғыш рет, қыздарымен студиямызға сұқбатқа келді. Өнерлі ата-ана балаларының болашағы мен арман-мақсаттары туралы айтып берген болатын.
Иә, осы уақыт ішінде «Ревю» студиясында талай қызық орын алды. Биледік... Эфир кезінде шашты да, алып тастадық...
Түсірілім кезіндегі тосын жайттар бұнымен бітпейді. Әңгіме ортасында «Сырын айтамын» деп, шынын айтып қойғандар да кездесті.
Қорыққан да кездер аз болмады...
Бұл осы маусымның ең жарқын әрі қызықты сәттері болатын. «Ревю» енді қыркүйек айынан бастап, жаңа форматта көрерменге жол тартады. Көңілдеріңізден шығамыз деген сенімдеміз!