Камера! Мотор! Күнделікті «НТК» телеарнасынан жұлдыздармен эксклюзивті сұхбаттар мен шоу-бизнес жаңалықтар ұсынатын «REVUE» бағдарламасында үлкен команда жұмыс істейді.
Ал журналистердің түсірілім барысындағы сәттері қызыққа толы.
Мадина Дәулетқызы, тілші: @makeshi_
– Түзу тұра берейінші, былай... былай... былай.... Мен көрмей тұрмын сізді, былай? Мына мүсінше өнер өкілдерінің жеткен жетістігі емес. Мына мүсінше өнер өкілдерінің жеткен жетістігі емес, керісінше кемшіліктері үшін табысталатын еліміздегі жа-жалғыз мүшінше. Жалғыз жүлде. Ау? Мен сөзімді жаттамадым.
Сымбат Сағындық, тілші: @symbat_sagyndyk
– Көріп тұрғандарыңыздай ой, өтірік айтам. Көрерменімен сағына қауышқан театр, сақтау шараларын қатаң сақтауда. Көріп тұрғандарыңыздай адамдар екі орындық салып араға жайғасады.
Мадина Дәулетқызы, тілші: @makeshi_
– 1, 2, 3! Buenas Noches! Жеңісхан Момышев су жаңа картинасы арқылы көрерменді. Можно еще раз? Еще раз!
Сондай-ақ, «Ревю» тілшілері алғаш болып театр және кино тұсаукесерлеріне барып, жабық кештердің қадірлі қонағы атанады.
«Ревю» тілшілерінің бір күні қарбаласқа толы. Жаңалықтар актуалдылығын жоғалтпай, ақпаратты көрерменге бірден жеткізу үшін журналистер мен таспагерлер тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істеуге әзір.