«iTunes KZ» көшінде жаңа есім! Branya мен Macan атты қос өнерпаз «Пополам» трегімен музыкалық чарттың көшін бастады. Ресейлік нью-скул музыканттар 2019-шы жылдан бастап шығармашылықпен айналысса да, енді ғана әйгілене бастаған. «Macan» лақап атымен танымал Андрей 16 жасынан бастап сахнада жүргені белгілі. Ал Branya өзі жайлы ақпаратты құпия ұстауға тырысып келеді.
Атағы бір туындымен-ақ бірден асқақтағандар қатарында Джарахов пен Markul да бар. Өнерпаздардың «Я в моменте» композициясы тикток трендіне түсуінің арқасында, хит атанып отыр. Еске салсақ, аталмыш трек 2 апта бұрын, жарық көріп, ютуб платформасында 2 млн-нан аса қаралым жинаған-ды.
HammAli мен Navai да әлі күнге дейін сұраныста! Музыканттардың бірігіп шырқаған соңғы «Птичка» әні 1 айдан бері «iTunes KZ»-те үздіктер қатарынан түсер емес. Туынды елімізде ғана емес, ТМД мемлекеттері арасында да хит атанған. Еске салсақ, «Птичка» трегі HammAli мен Navai дуэті ресми түрде тарағаннан кейінгі ортақ алғашқы коллаб