Жаз маусымы бастала сала, жұлдыздар мұхит асып, демалысын бастап кетті! Айдана Меденова Мысыр еліне барып келсе, Кәмшат Жолдыбаева сіңлісі Алтындайды ертіп Грузияның Батуми қаласына аттанған. Гүлназ Жоланова болса, Біріккен Араб Әмірлігіне саяхаттауды жөн көрген.
Шетелге аттанған шоу-бизнес өкілдері мұнымен шектелмек емес. Жағажайда күнге қыздырынуды жоспарлап жүргендер жетерлік. Мәселен, Рүстем Нұржігіт Жерорта мен Қызыл теңіз жағалауына таңдау түсіріп отыр.
Рүстем Нұржігіт, әнші:
– Жазғы жоспар ол әрине демалыс. Демалыс күндерге тезірек жетсек деп армандап жүрміз. Шетелге шығу ойда бар. Барлығымызға үйреншікті болып кеткен шығар ол әрине Түркия, Египет. Сол жерлерді өзімде ұнатам.
Муызкант Марсель әзірге қайда барарын білмейді. Алайда, әнші әрбір өнер адамы демлып тұруы тиіс деген пікірде. Себебі, оның ойынша жұмыстан шаршаған адамның халқына беретін энергиясы аз болады екен.
Марсель, әнші:
– Өзіңе міндетті түрде көңіл бөлуің керек. Егер адам дені сау, жақсы көңіл-күйде болса, онда айналасына да сол күш-қуатты таратады. Адамның басты назары өзінде болуы тиіс.
Өнер өкілдері арасынан отандық туризмді қолдайтындар да табылды. Жігер Ауыпбаев жазғы демалысын елімізде өткіземін деп шешкен. Себебі, әншінің бұл маусымға қойған жоспары көп.
Жігер Ауыпбаев, әнші:
– Биылғы жазға демалуым тек Қазақстан ішінде ғана демалатын шығармын, себебі өзім бір дүниелер бастап қойдым. Соның барлығын аяғына дейін жеткізуім керек. Оған уақыт керек, материалдық, физикалық тұрғыдан өте үлкен күштер керек. Соған бар күшімді салып жатырмын.
Ал Айгерім Қалмұратова еліміздің демалыс орындары Мысыр мен Түркиядан кем түспейтініне сенімді. Сондықтан, актриса шетел аспай-ақ, уақытын Қазақстанда көңілді өткізугі ниетті.
Айгерім Қалмұратова, әнші:
– Шынымды айтсам Алакөлде болған емеспін, өйткені көбісі мақтайды. Өзіміздің жер, қазақтың жері, мен бір жағынан патриотпын. Бір жағынан шетелге барып келіп жатырмыз, былай қарасаңыз ия. Сондықтан да сол Алакөлге барып келсем ба деген ойым бар, ата-анаммен, отбасыммен.