Ютубта миллиондаған қаралым жинап, жақсы табыс табуға мүмкіндік мол! Бұл тұста веб-сериалдардың айы оңынан туып тұр. Толықметрлік туындыларды желідегі жобаларға алмастырған Дәурен Айдарқұлов мұндай кезеңнің басталуын аталмыш платформаның тиімділігімен түсіндіреді.
Дәурен Айдарқұлов, актер:
– Неге ютубты көбірек көріп жатыр деп соған келсек, енді әр адамның қолында қазір ұялы телефондар бар, көруге ыңғайлы сосын әрқашанда ютубта тұрады. Көрмесеңде паузаға қойып мысалы жұмысыңды бітіріп алып әрі қарай көруге болады.
Танымал пранкер Алмас Есенхан түрлі кездейсоқ түсірілген оқиғалар мен импровизацияға толы кадрлар авторы. Бүгінде ол ютубқа қызықты контент жүктеп, белсенді болып жүр. Көрерменін таба білген блогер, қаралым жинаудың құпиясымен бөлісті.
Алмас Есенхан, пранкер:
– Ютубта просмотрды жинау үшін ең бастысы кішкене сапалы дүние халыққа ұнайтын, дұрыс жағынан боқтау, мысалға сондай ерсі қылықтарсыз әдемі халыққа, бір сөзбен айтқан кезде отбасымен көріп, ұялмай көре алатындай контенттерді жасаса талмай еңбек етсе, мықты дүниелер шығарып просмторды көбейтуге болады деп ойлаймын.
Нұрсұлтан Жақсыген, блогер:
– Ютубта ақша табу өте қиын шаруалар негізінде. Бірақ нағыз маманы болатын болса, бір маман дайындау керек, сол ютубпен айналысатын қанша уақытта салады, қанша уақытта обложкасын қояды деген сияқты. Біз тек қана сценариймен жаңағы жұмыстармен әзілдің сапасы мен түсіру жағын қолға алсақ жетеді деп ойлаймын.
Десе де, бүгінде ютубта өз арнасын дамытып, қаржылай табыс тауып жүргендер жетерлік. Блогерлер бастысы трендті бақылап отыру керек дейді.