Артур Асқарұлы «Дос-Мұқасан» фильміндегі рөлі үшін 10 келі салмақ тастаған!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақтың Битлзы! Атағы жер жарған «Дос-Мұқасан» әнін кезінде қайталап тыңдамаған жан әсте жоқ шығар. Қазақ әуендерін шартарапқа таратып, алғаш рет АҚШ-қа аяқ басқан да дәл осы ансамбль еді. Су жаңа картина тарихта ойып тұрып орын алатын топтың құруылауынан басталады. Ал түсірлімнің басы-қасында Досым Сүлеевтің өзі жүр.

Досым Сүлеев, «Дос-Мұқасан» тобының мүшесі:

- Қай қалаға барсақ та, қазір мысалыға әншілерде бір концерт қояды, екі концерт қояды. Біз мысалыға он концерт қоятынбыз. Ондада толы, билеттер жетпей. Кейбіреулер бізбен бірге қай қалада біліп алып бізбен бірге сол қалаға барып билет алып қатысатын. Сондай фанаттар әрине көп.

Тіпті, актерлық құрам да Сүлеевтың сүзгісінен өткен. Мәселен, бас гитарашы Шәріп Омаровты сомдау Артур Асқарұлына сеніп тапсырылған. Еске салсақ, бұл блогердің толықметрдегі алғашқы негізгі рөлі. Вайнер кейіпкеріне ұқсау үшін бір айда 10 келі салмақ тастап, гитара мен барабанда ойнауды үйренген.

Артур Асқарұлы, блогер:

Меніңше бұл фильмнен кейін «Дос-Мұқасанның» әндеріне қайта жан бітіп, олар трендтен түспейтін болады. Менің өзім дайындық барысында, барлық альбомдарын жүктеп алдым, әлі күнге дейін хит әндер екенін мойындаймын.

Ал Досым Сүлеев образын сомдау театр және кино актеры Мейірғат Амангельдинге бұйырған. Жауапкершіліктің ауыр жүгін сезінген ол, кейіпкерін барынша зерттегенін айтады.

Мейірғат Амангельдин, актер:

– Досым ағамыз 3 аспапта ойнаған. Ол жаңағы баян, ол саксафон, ол жаңағы клавишта. Сондықтан маған өте қиын болды. Өйткені баянды үйрендім, баянда екі ән ол екі әнді үйреніп алдым, меңгеріп алдым ол оңай болған жоқ. Оң қолын үйренсе, сол қолынан шатасасың дегендей.

5 жыл бойы жоспарланған жоба, жарты жылдан бері таспаланып келеді. Фильмнің жұмыстарына карантин талаптары кедергі болып жатса керек. Фильм продюсері Гүлнұр Марасарипова олқылықтардың орнын заманауи технологиялармен толықтырамыз деп отыр.

Гүлнұр Марасарипова, продюсер:

– Біз осы карантиннің барлық ережелерін сақтап, түсіріп жатырмыз. Мысалыға полный 1000 адамдық 3000 адамдық ең болмағанда бір 500 адамдық зал жинай алмай жатырмыз. *06:53 Оның барлығын біз графикамен басқа да технологиялармен орнын толтырамыз деп үміттенеміз.

Ал «Дос-Мұқасан» жайлы мюзикл келер жылы кинотеатрларда жарық көреді.