Талай хиттың авторы атанған Райм жеке шығармашылығын шындап қолға алғандай! Музыкант тек бір ән емес, бірден жеті тректен тұратын альбом ұсынып, тыңдарманын қуантты. Дебютты жинақ «4 дөңгелек» деген атауға ие болған.
Соло орындаушылыққа бет бұрған Раимның жағымды жаңалығы бұл ғана емес! Өнер иесі сондай-ақ, «Oh My Love» композициясына лирик видео ұсынып, «Whatcha Wanna» трегіне mood бейнебаян жарыққа шығарды. Су жаңа туынды ютуб платформасында бірден 321 мың қаралым жинап үлгерген.
Райымбек Бактыгереев бұл жолы жаңаша бағытпен ерекшеленгісі келгендей. Мәселен, Раймның Alina Gerc-пен орындағын «Baila» трегі латино нұсқада жазылған. Енді қос өнерпаз аталмыш әнге ортақ бейнебаян да әзірлеуде.