Карантин кезі көп жұлдыздың қалтасын қақты. Әлемдегі ахуалдың кесірінен талай өнерпаз ақша табудың әр түрлі жолын іздеп кеткені жасырын емес. Олардың көпшілігі өз бизнесін бастап та кетті. Ал сондай ниетте жүргеннің бірі - Сиви Махмуди: «Болашақта саудагер атануым әбден мүмкін», - дейді
Сиви Махмуди, әнші:
- Ол жалпы болашаққа ниет қой. Оны алдын-ала айтқым келмейді шыны керек. Тағы болмай қалып жатса құдай сақтасын. Енді жалпы ниетте бар, болып қалар құдай қаласа, міндетті түрде бөлісемін.
Шоу-бизнес өкілдері арасынан тіпті өнерді толығымен тастап кеткендер де табылды. Мысалы, әнші Ержан Мұқатаев болашақта білікті бизнесмен болу үшін маркетолог мамандығын меңгермек.
Ержан Мұқатаев, әнші:
- Мен қазір негізінде маркетинг саласын, маркетинг саласын өте қызығушылық тудырып жатырмын шыны керек. Маған ұнап жатыр, тіпті қазір оқып жатырмын маркетологқа. Оның үстіне ағылшын тілін жаттап жатырмын.
Қайрат Әділгерей болса, сахнасын саудаға алмастыруға асығыс емес секілді. Себебі, актер үшін негізгі кәсібі - өнері.
Қайрат Әділгерей, актер:
- Менің бизнесім қазіргі кезде осы бойымдағы өнерім, талантым, сосын мынау тамағым, осы дауыспен әзірше жұмыс жасап келе жатырмыз.
Десе де, Қайрат Әділгерей барлығы да болашақтың еншісінде екенін жасырмайды. Еске салсақ, карантин кезінде Кенжебек Жанәбілов, Терри Тима, Дариға Бадықовалар саудагер атанып, көпті таңқалтқан еді.