Жұлдыз Абдукаримова «Сезін» атты кітабын таныстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдыз Абдукаримова, актриса, тележүргізуші:

«Сезін» деп қойған себебім, ана болу үшін де сезіну керек шығар. Ана болу үшін де сезіне білу керек, сондықтан әрбір баламмен байланысымның өзі сезіну. Сондықтан «Сезін» деп атап, алғашқы туындымды шығардым.

Жұлдыз Абдукаримова дәл осылай үлкен тебіреніспен тырнақалды туындысын таныстырды. Өмірінің он жылдам астам уақытын отбасына арнаған актриса кітабын бала тәрбиесі тақырыбына арнаған. «Бірақ, мақсатым ақыл айту емес, бар болғаны өзім сынды аналарға бағыт-бағдар беру», - дейді ол.

Алайда, туындыда Абукаримованың үзік сырларын да оқи аласыз. Кітапта Қайрат Нұртас әулетінің ел естімеген құпиялары оқырман назарына ұсынылмақ.

Жұлдыз Абудкаримова, актриса, тележүргізуші:

– Жалпы өзімнің беймәлім сәттеріммен бөлісу. Осы уақытқа дейін ешқайда, еш жерде сұхбат бермеген, еш жерде жазылмаған, жеке өзімнің парақшамда жазылмаған оқиғалар, беймәлім сәттер дедім ғой. Солардың бәрі жазылған.

Туындының тұсауы кесілген соң, сынның да болары орынды. «Жұлдыз Қайраттың жары болған соң кітап жазды» немесе өзге де осы сияқты пікірлерге Абдукаримова дайын көрінеді.

Жұлдыз Абудкаримова, актриса, тележүргізуші:

– Сынсыз да болмайды. Егер сын орынды болып жатса, неге тыңдамасқан. Мен ол сыннан өшпеймін, керісінше өсемін. Оған ашықпын. Сынның атсында қаламын деп қорыққан жоқпын.

Ал ыстығы басылмаған басылымды алғаш болып Ләйлә Сұлтанқызы қолға алды. Танымал тележүргізуші туынды үшін оқырманнан Жұлдызды сөкпеуін сұрайды.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

– Бір ғана нәрсені оқырмандар да, көрермендер де түсіну керек. Жұлдыз біріншіден жазушы емес, Жұлдыз ақын емес,Жұлдыз ана. Жұлдыздың ана ретінде айтары, мысалы көп. Ол өзінің жіберген қателіктері арқылы жас аналарға үлгі-өнеге.