Шоу-бизнесте жас айырмашылығы үлкен жұптар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шоу-бизнесте жас айырмашылығы айтарлықтай үлкен, бірақ өнерлерін бірге дамытып, бір шаңырақ астында тұрып жатқан жұптың бірі – Айқын мен Жұлдыз. Өмірғали-тегі жолдасынан 14 жас кіші. «Бастапқыда қарым-қатынасымызға қатысты хейт көп болды. Сол үшін уақытша жасыра тұрдық», - дейді ол.

Жұлдыз Өмірғали, әнші:

- Білмеймін кейбір адамдар жеке өмірін шығарса, керісінше жақсы болып адамдар қолдап кетеді еліміз. Ал біздің жағдайда әрине, қолдамаған кері пікірлерін айтқан көбірек болды. Былай өнерге қатты бір әсерін тигізді деп айта алмаймын.

Динара Сұлтанға керісінше, кері пікір айтқандар аз. Ол осыдан 12 жыл бұрын етегінен ұстаған ерінен,17 жасқа кіші. Динара тұңғыш қызын өмірге әкелген соң көп ұзамай бірінші күйеуімен ат құйрығын үзіседі. Сол сәтте қазіргі жары – Ерлан Қожасбаймен кездесіп, махаббат оты маздаған. Бизнесмен мен әнші, бүгінде ортақ алты бала тәрбиелеп отыр.

Динара Сұлтан, әнші:

- Негізі мен бұрындары айтпайтын едім. Бүкіл құпияны ашпай-ақ қояйын деп. Қазір енді не қалды, ешқандай құпия жоқ. Сый – ол менің балаларым, менің жан жарым.

«Нағыз махаббат жасқа қарамайды» деген ұстаныммен әріптестерін жақтағандардың бірі «Ринголық» – Данияр Өтеген. Шоу-бизнес сүрбойдақтарының қатарын арттырып жүрген ол, өз тойы туралы әңгімелерден бойын аулақ ұстайды. «Бәрі өз уақытымен»,-дейді әнші.

Данияр Өтеген, әнші:

– Енді жас айырмашылығына қарайтын шығар. Енді ол әркімде әрқалай. Менің ойымша енді, нағыз махаббат болса, әрине қарамайды.

Жас айырмашылығы алшақ өнер өкілдерінің ішінде: 82-ге келіп, 37 жастағы Жадыра Сейдешті жар еткен Нұрғали Нүсіпжанов, күйеуі Артемнан 7 жасқа үлкен Луина, әнші әйелі Динаядан 7 жасқа ересек, композитор – Ринат Гайсин бар.