«Mad Men» тобы 4 жыл ішінде қандай өзгерістерге тап болды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл осы «Бері жақында» әнімен «Mad Men» тобы алғаш 2017 жылдың 20-шы қазанында дебют алған еді. Өздерін «Ессіздер» деп атаған q-pop өкілдері 4 жылдың ішінде 7 бейнебаян таспалап, Қазақстан бойынша ауқымды гастрольдік тур өткізді. Өнерпаздардың сондай-ақ, талай хиты жарық көріп, фан-кездесулері ұйымдастырылды.

«MadMen» тобы:

- Жалпы біз енді дебют алғаннан кейін осы уақытқа дейін біраз жұмыс жасадық. Үлкен үлкен тәжірибе алдық. Әлі де жұмыс жасау керек. Себебі кішігірім бізде ең бастысы түсінік пайда болды. Сол мақсат пайда болды.

Еске салсақ, «Mad Men»-діктер шығармашылықпен қатар тәлімгерлікпен де айналысқан еді. Ұжым мүшелері «MM Entertainment» продюсерлік орталығында шәкірт тәрбилеп, қаламақы алатын.

«Mad Men» тобы:

- Жалпы біздің 5 студиямыз бар. Топтағы әр бала хореограф болып жұмыс істейді, биден сабақ береді. Сонымен қатар, шығармашылық пен оқуды алып жүріп, бос уақытқа шыны айтқанда тамақ жеу үшін, ұйықтауға тұрмыстық жағдайларға ғана уақыт қалады деуге болады.

Алайда «Mad Men» тобының құрамы 4 жылда бірнеше рет ауысты. Мәселен, 2018 жылы ұжыммен Тим қоштасқан болатын. «Сахна сыртында жүргенді қаладым», - деген Тимур Құрманалиев «Mad Men»-нің музыкалық продюсері атанды.

Тимур Құрманғалиев, «Mad Men» тобының экс-мүшесі:

- Сахнада тұрып өнер көрсеткенге ештеңе жетпейді. Бірақ бұл менікі емес екен. Әнді шырқау мен трек жазу мен үшін екі түрлі нәрсе екенін түсіндім. Мен ән айтқанша, трек жазуды қолға аламын.

Кейіннен Тимурдың орнын Ерасыл Әбдіралиев басты. Алайда «Young» лақап атымен өнер көрсеткен мембер 2 жылдан кейін «Mad Men»-нен кететінін мәлімдеді. Оған қоса, Рэмнің де ұжымнан бас тартуы «Mad Wave» үшін жағымсыз жаңалық болды.

Рахат Масақбай, «Mad Men» тобының экс-мүшесі:

- Топтан кеткен себебім, ол өзімнің болашағымды кью-поп бағытында көрген жоқпын. Сондықтан да соло карьерамды басқа жанрда жалғастыруды жөн көрдім.

Осылайша Рахат Масақбайдың айтуынша, енді ол көп ұзамай жаңа бағытта жеке әнші ретінде өнер көрсетпек.