Алтынай Жолдыбаева қазақ қыздарын батыл болуға шақырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Батылдықтан қорықпаймын!» Дәл осындай ұстаныммен бүгінде Алтынай Жолдыбаева әр түрлі образды байқап көруде. Тіпті, сол үшін «Экс-Джейрандық» әнші оқырмандарынан талай таяқ та жеді. Десе де, жаңашылдықты жаны сүйетін кіші Жолдыбаева көптің пікіріне құлақ аспақ емес.

Алтынай Жолдыбаева, әнші:

– Неліктен қазақ қызы батыл бола алмайды? Неліктен қазақ қызы жарқын бола алмайды? Мен ойлаймын, әрбір қазақ қызы ішінде батыл мінезі болатын болса, жарқындығы болатын болса, ол қыз міндетті түрде өзін көрсете алады, өзін көрсетуге толықтай құқығы бар.

Алтынай эпатажды стильді өмірлік ұстанымына айналдырса, Сая Оразғалиева әзірге тек шығармашылығы үшін иммиджын өзгертуге әзір. «Бірақ, кино үшін образға қатысты бәріне де барамын», - дейді актриса.

Сая Оразғалиева, актриса:

- Шынымды айтсам, ешқандай эксперименттен қорықпаймын. Глобалды өзгеріс те көріп тұрған жоқпын. Жасанды шаш. Бірақ, өзгеріп тұрған ұнайды. Өйткені, мамандығым соны талап етеді.

Гүлнәр Сильбаева да, фильм үшін шашын күлгін түске бояған еді. Алайда, бұл актрисаның өзінің қалауы болса керек. Бикеш «Любовь на миллион» картинасында бас кейіпкерді өзгеше етіп көрсеткісі келіпті.

Гүлнәр Сильбаева, актриса:

- Байқасаңыздар, осындай «сылқым» кейпіндемін. Бұл кезекті картинадағы жаңа образым. Өзіме ұнайды.

Гүлнар бұл образбен кинодан кейін де біраз жүрген еді. Еске салсақ, аты аталған арулардан өзге Айжан Нұрмағамбетова, Камшат Жолдыбаева және Say Mo сынды бикештер батыл образдардан еш қорыққан емес.