Сиви Махмуди үшін «пластика» жауыр болған тақырыптардың бірі! Жанкүйердерінің сансыз сауалынан мезі болған өнерпаз, пышақ астында мүлде жатпағанын айтады. Онысымен қоймай, әнші сұлу көрінудің бұл түріне үзілді-кесілді қарсы екен.
Сиви Махмуди, әнші, актриса:
- Мен мүлдем жүгінбеймін шыны керек бәрі ойлайды ғой, мен боянғандада қазір мысалы менде тонда жоқ та бетімде. Пушон бар ғой корейский кішкене с легка прошлась. Күнделікті тон да жақпаймын. Косметологқа да бармаймын шыны керек. Массажға барып тұрамын. Себебі массаж керек бетке, бетті тарту үшін енді, қан айналым бәрі жақсы болу үшін.
Махмуди-тегінің айтуынша түрлі процедураларсыз-ақ сұлу көрінуге болады. Бастысы дұрыс күтім қажет. Алайда, бұл пікірмен Дана Кентай онша келіспейді. Әнші келісті келбет, мінсіз мүсініне қарамастан пластикалық отаға жүгінуге кетәрі емес. Тіпті, Дана бірнеше жыл бұрын көзіне блефаропластика жасатқанын жасырмайды.
Дана Кентай, әнші, актриса:
- Егерде орынды болса, адамның ажарына ажар қосатын болса, әрине неге жасатпасқа. Жақсы қараймын. Өзім косметологқа жиі барып тұрамын. Бірақ-та бет күтімі бойынша және де блефаропластика жасаттым 2 жыл бұрын және де аса қатты артық ондай ештеңе кетпеген сияқты. Жәй ғана түсіп тұрған қабақты көтерттік.
Дана Кентай: «Пышақ астына түсуімнің себебі, бет-әлпетіме көңілім толмады» -дейді. Бикеш сахнада жүрген өнер өкілдерінің мінсіз болуын шарт санайды.
Дана Кентай, әнші, актриса:
- Мен блефараны не үшін жасаттым мен байқадым жаңағы көбінее көзімді бояған кезде, сахнада жүргендіктен әдемі бояған нәрсенің бәрі көрінбей тұрады да қабағым жабық тұрады. Қабағымды кішкене аштыртқаннан кейін қазір боянбасам да аса қатты кірпік жапсырмай жүре берсем де әп-әдемі көзім домаланып тұрады өзіме ұнайды.
Фариза Ескермес те қажет болса пластикалық ота жасатуға қарсы емес. Алайда экс-«Джейрандық» әнші, өзіне келгенде табиғи сұлулықты жөн көреді.
Фариза Ескермес, әнші, актриса:
- Пластикалық операцияларға, оталарға мен жақсы қараймын иегізі. Қарсы емеспін. Егер қыз жасатқысы келіп тұрса, жасатсын. Бірақ ешқашан өзімнің пышақ астына жатқан емеспін.