Қайта қатаңдатылған карантин өнер өкілдерін бейжай қалдырмады! Мәселен, Гүлназ Жоланова жағымсыз жаңалықты ести сала, инстаға көңілсіз стористер салып күйзеліске бой алдырды. Есесіне, Ләйлә Сұлтанқызы қауіпті індет саябырсымай тұрғанын айттып, халықты желі арқылы сабырға шақырды.
Той томалақ пен сауық-сайраннан денсаулық артық дегеннің тағы бірі – Элизат Берікова. Экс-кешьюлік әнші бәрінен бұрын қауіпсіздікті бірінші орынға қояды. Сондықтан, Элизат бұл күндері ешқайда шықпай үйде отыруға бел буған.
Элизат Берікова, әнші:
- Не істейміз енді, бәріне көнеміз. Ешкімнің үйіне қонаққа бармай, алдындағы карантин сияқты үйде отыруға тырысамыз тағы құдайдың берген індеті, әйтеуір бәріміз аман-есен шықсақ болды ғой. Аман-есен шығып, бітсе, өмір әлі жалғасып жатыр ғой.
Еске салсақ, бүгінгі таңда Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай көңіл көншітпей тұр. Әсіресе Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында індет жұқтырғандар саны артып келеді. Мұны естіген Тәуекел Мүсілім көнбеске амал жоқ деп отыр.
Тәуекел Мүсілім, актер:
- Былайша, әрине, қаржылай тұрғыда қиын оның бәрі, жұмыс болмаған кезде. Түсініксіз, не істерің қалай істерің. Не болатынын білмейсің. Сол себептен әрине болып жатса, күтеміз шыдаймыз. Басқа амал жоқ.
Десе де, қатаң сақтық шараларына келісе алмай жүрген жұлдыздар да кездеседі. Әлеуметтік желі арқылы карантинге қатысты талай рет наразылық білдіріп келген әнші қайтадан «локдаун» енгізудің қажеті жоқ санайды.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Белгілі бір шектеу қою керек, иә, әрине 30-50 пайыз. Дистанция болу керек деген сияқты шектеу қою керек те, жіберу керек. Ал мүлде жабудың қажеті жоқ деп ойлаймын.
Еске салсақ, Айқын жуырда ғана Қазақстан бойынша жеке кешін өткізуге аттанған еді. Алайда, қайта қатаңдатылған каратин кесірінен өнер иесіне концерттерді кейінге шегеруге тура келген.