Дана Есеева баларын оқытамын деп, қиналып жүргенін айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнес өкілдері үшін онлайн оқу оңайға соқпады! Әдетте шығармашылықтан қолы босамайтын өнер өкілдеріне карантинде балаларының үлгеріміне кірісуге тура келді. Соның бірі, 5 бүлдіршіннің анасы Дана Есеева тікелей эфир арқылы білім алу қиындық тудырағаны айтады.

Дана Есеева, актриса:

- Енді апайдың өзі түсіндіргені, былай сыныпта көргенге жетпейді оқу. Бірақ тырысамыз, шынымен уақыт көп кететін болды үй жұмысына, тақырыпты түсіну үшін, тағы да аудиохабарламаны бірнеше рет тыңдаймыз.

Айгүл Мүкей де карантинде баласының білімі үшін әбден әбігерге түскен ата-ана қатарында. Танымал тележүргізуші «онлайн оқу» туралы естігенде біраз уайымдағанын жасырмайды.

Айгүл Мүкей, тележүргізуші:

- Жасыратын ештеңесі жоқ, әрине басында паника пайда болды. Қалай оқиды, қандай приложение арқылы шығады эфирге байланысқа.

Жұлдызды ата-аналар ғана емес, өнерде жүрген жастар да онлайн оқудан шаршағандай. Мәселен, «Каникулы оффлайн» фильмінің жұлдызы Арман Жақсығұлов мектепті қатты сағынғанын айтқан еді.

Арман Жаксығұлов, актер:

- Менің ойымша оның артықшылығына қарағанда, кемшіл тұсы көбірек. Мектепке барып, сыныптастарыңмен жүздескенге не жетсін?!

Десе де, онлайн оқудың тиімді тұсын сезінгендер де жетерлік. Мәселен, жас актриса Зарина Нұржанова карантиндегі бос уақытын пайдалы өткізуге тырысқан.

Зарина Нұржанова, актриса:

- Онлайн оқу маған қиынға соққан жоқ, себебі, тура сондай білім беріп жатыр, тура солай оқып жатырмыз. Одан мектепке барғаннан да көп жауапкершілік мойнымызда. Маған мектепке барған да, оқушылармен былай сөйлескенде, онлайн оқыған да ұнайды.