Бала тәрбиесіне келгенде танымалдар да көпті көрген үлкендердің көмегіне жүгінетінін жасырмайды. Мысалы, Ақбота-Нұр тұңғышы Ибрагимге қатал қарайтынын айтып қалды. Оның пікірінше, ер баланың ынжық боп өскені дұрыс емес. Ал бұл орайда жас анаға қайын жұрты жақсы жәрдемдеседі екен.
Ақбота-Нұр, әнші, актриса:
- Ата-әжесіне барып жүр, осы жақында бастап. Ата әжесі өте жақсы тәрбие береді, ол кісілер 70-тен асып 80-ге таяп қалған кісілер. Енді өзім де апамның қолында өскендіктен ата әженің тәрбиесін алған бала ешқашан жаман болмайды деп ойлаймын. Өйткені ұят болады, дұрыс емес, біреудің алдын кесіп өтпе деген жақсы көздерді, ырымдарды айтып өсіреді балаларды.
Ал екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған Сиви Махмуди болса: «Балаларымды емес, өзімді тәрбиелеймін», - дейді. Өнер иесі өзге де жас ата-аналарға бұл әдісті қолдануға кеңес береді. Өйткені, Махмуди-тегі: «Өзің жақсы болсаң, балаң да сенен тек жақсыны алады», - деген пікірде.
Сиви Махмуди, әнші:
- Ұрсып-ұрып тәрбиелемеймін, өзім іс-әркетіммен. Тура мен не істеймін, соны істейді ғой. Мысалы, ойланбай боқтап қойсам, бұлар да боқтап шығады да. Сол сияқты әрбір ата-ана өзінің баласына тәрбие ғой сол.
Зарина Омарова бала тәрбиесіне келгенде, ұстанымы мүлде бөлек! Әнші әріптесі Сиви секілді кішкентайларын еркелетпейді. «Бала әкесінен аяқ тартып, ал менімен сырлас болса ғана, тепе-теңдік болады»,- дейді ол.
Зарина Омарова, әнші:
- Сол жақсы тәрбие деп есептеймін бұрынғы тәрбие. Өйткені әкеден қорқып тұру керек. Бір адамнан үйде бала қорқып тұру керек. Баланы қысып ұстасаң, ата-анасы екі жақтан қысып, ұрсып, жаңағы мүлдем айтқанын тыңдамаса, бала жасқаншақ, жалтақтап барлығын ішіне жасырып өседі.