Нұрлан Қоянбаевқа қай киногер бәсекелес атанбақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Киномандар ғана емес, шоу-бизнес өкілдері күтіп жүрген отандық картиналар жетерлік. Олардың ішінде Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по-казахски в Турции» лентасы көш бастап тұр. Актер әрі режиссер Медет Аманбаевтың айтуынша, әзілмен әрленген Қоянбаевтың туындысы көпті қызықтырса керек.

Медет Аманбаев, актер, режиссер:

- «Бизнес по-казахски Түркияда». Негізі енді біріншіден біздің квнщик ағамыздың киносы болғандықтан ең алдымен және рейтингі жоғары кинолардың қатарында, даже солардың қатарын бастап келе жатыр десем болады. Сондықтан сол киноны күтіп жүрмін.

Аманбаев қана емес, өнер өкілдерінің басым бөлігі Нұрлан Қоянбаевтың Түркия еліне арнайы барып таспалаған лентасын көруге асық.

Мейіржан Төребаев, актер:

- Только Нұрлан Қоянбаевты білемін, түсіріп жатқанын. «Бизнес по-казахски Түркияда» соны күтіп жатырмын негізі. Өйткені инстаграмда көрдім, теледидардан көрдім, әдемі-әдемі снимкалар бар. Бір қызықты болайын деп жатыр. Соны күтіп отырмын только.

Sabirkin, блогер:

- «Бизнес по-казахски Түркияда» соны қатты күтіп жүрмін. Әзірге сол есіме түсіре алмай тұрмын шын айтсам. Негізіт көп күтіп жүрген фильмдер бар отандық, незігі жақсы түсіреді ғой қазір сол себепті.

Дәурен Айдарқұлов болса, дәл осы жылы жарық көретін тың туындылар өзгеше екенін алға тартады. Тіпті, актер су жаңа «Күшік құда» комедиясы Нұрланның рекордтын жаңартады деген сенімде.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

- Толықметрлерден киноларынан Дастан Қалдыбаев деген досымыздың керемет туындысы бар. Уже түсіріп қойған, «Күшік құда» ия менің ойымша бұл тәуелсіз Қазақстан киносындағы бір үздік кинолардың бірі болатын шығар деп ойлап отырмын.

Рүстем Жаныаманов болса, өзі түскен толықметрлі киноларды тамашалауға асық. Себебі, актер карантинге қарамастан бір емес бірнеше жобада бой көрсетіп үлгерген.

Рүстем Жаныаманов, актер:

- Өз басымның бір 4-5 кином бар әлің шықпаған. «Келинка под прикрытием» деген сияқты. Айқынның киносы бар. Осындай бір тамаша туындылар болашақта шығады.

Еске салсақ, дәл осы жылы наурыз айында Айқынның продюсер ретінде таспалаған тырнақалды «Где мое кольцо?» туындысы жарық көреді. Сондай-ақ, «Однажды в отеле», «Келинка под прикрытием», «Тойхана» сынды бірқатар ленталар көктемде көрерменге жол тартады деп күтілуде.