Бала күннен бағы жанып, танымалдылығы артқан жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бала күнінен сахнада тыныстап, кішкентайынан жұлдыз атанған танымалдар жетерлік. Мәселен, экс-Кешюлік Назым Әбілдинаны күні бүгінде дейін қалың көрермен сол баяғы «Айгөлектегі жүргізуші қыз» ретінде біледі. Әншінің өзі бұл құбылыс өміріне пайдасын әкелмесе, кері әсері тимегеніне сенімді.

Назым Әбілдина, «Kesh You» тобының экс-әншісі:

- Аудиториям менімен бірге, өсті деп ойлаймын. Сахнада мен 7 жасымнан бері жүрмін. «Айгөлекті» кім көрмеді десек болады әлі күнге дейін, жаңағы далада жүрсем де, универде болсам да, «ой қызымыз Айгөлектен ғой, саламатсыз ба, сіз Айгөлектен сіз ғой», деп мені Айгөлектен таниды негізі, Кешьюдан емес.

Назымның «Кешюдегі» құрбысы Сара Амангелді де мектеп қабырғасында жүріп, танымалдылықтың дәмін татып көрген. Әншінің сөзінше, өнерге қадам басуы – өз алдына қызықты оқиға. Кезінде, балалар байқауында жүргізуші болған ол, жеңімпаздардың жүлдесіне қызығып, әншілікке бет бұрған екен.

Сара Амангелді, әнші:

- Мә, мына жақта деген ән айтып, телевизор алады екенғой. Мен де ән айтып көрсем ғой деп. Онша былай күшті дауысым болған жоқ. Жаңағы менде тек телевизорды ұтып алу керек боп тұр да. Сосын айттым, мен негізі ән айта аламын деп, өзінше.

Кішкентай Әлішер Кәрімовты танымайтын адам кемде кем. 5 жасынан бастап үлкен сахнада жүрген өнерпаз балалар байқауының барлығында дерлік бағын сынап, үздіктер қатарынан көрінген. Биыл Әлішердің шығармашылығына 17 жыл толып отыр.

Ал бұл томпақ жігітті жақында елімізден бөлек, күллі Түркия да танитын болады. Актер Рамазан Амантай кино әлеміне бала күнінде келгендердің бірі. 6 жасынан түрлі телехикаяларда бой көрсеткен өнерпаз бүгінде Нұрлан Қоянбаевтың толықметрлі туындысында басты кейіпкерді сомдауда.

Рамазан Амантай, актер:

- Көбісі айтады Нұрлан Қоянбаев сенің паспортыңды тартып алған ба деп. Неге ешқайда түспейсің, рұқсат бермей ма деп. Бірақ айтамын, өзім таңдап түсемін киноға. Өзіме осы кісінің кинолары ұнайды.

Сондай-ақ, есімі күллі әлемге танымал Димаш Құдайберген, әнші Мәдина Сәдуақасова мен Ерболат Құдайбергеннің де бала күні сахнада өткен.