Отандық шоу-бизнесте «фирмач» әншілер кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Өнер өкілдері арасында «фирмач әнші» тіркесі жиі қолданылады. 40 жылдан астам сахнада жүрген Айжан Нұрмағамбетова ондай орындаушылардың эстрадада аз екенін алға тартуда. Өнер иесі мұндай атқа ие болу үшін тек жанды дауыста ән салу аздық етеді дейді.

Айжан Нұрмағамбетова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

– «Фирмач» деп дәстүрлі әндерді ғана емес заманауи бағытта шетелдік тректерді де орындай алатын әртістерді айтуға болады. Ол міндетті түрде вокалды тұрғыда кәсіби маман болу керек. Нота, дем соның барлығы маңызды.

Айжан Нұрмағамбетова әріптестері ішінен Қайрат Түнтеков, Ерлан Байбазаров, жастар арасынан Айриді фирмач әншілер қатарына жатқызады екен. Өнер иесі сондай-ақ бұл тізімнен музыкант, композитор Марсельді де көреді.

Марсель Әлсейітов, әнші, сазгер:

- Фирмач, как мне нравится это слово! Енді бәріміз фирмач, фирмач дейміз. Ол музыкалық жаргонда. Откуда появился в народе я не знаю, но фирмач деп біз Американың жұлдыздарын ойлаймыз.

- Қазақстандық эстрадада кімді фирмач деп айтатын едіңіз.

- JSC деп айтатын едім. Рүстем Нұржігіт, казахский Брайн Макнайт, группа 101.

Марсельдің өзі көп әріптесі үшін «фирмач» әншілердің бірі. Талантымен тыңдарманды таңқалтып жүрген орындаушы әр концертінде мұны дәлелдеп келеді.

Ал ТМД-ға танылған хип-поп орындаушы Доминик Джокер біздің елден шыққан әншілердің шығармашылығын бақылап отырады екен. Айтуынша, қазақстандық өнерпаздар заманауи музыкаға жаңа леп әкелуде.

Доминик Джокер, әнші: (Ресей)

- Әрине, сөзсіз сіздердің көп әншілеріңізді танимыз. Әр қайсысы жеке тұлға. Ешқайсысынан кем түсіп тұрғаны жоқ. Фирмач танымал жеке тұлға! Сөздің шыны керек, қазір біз қазақтардан заманауи музыканы асыға күтетін болдық.