Бүгінгі тенденция тек жастарда! Бұл old school өнер өкілдерінің сөзі. Мәселен, әнші Парвиз Назаров өзін сұраныстағы әншілер қатарына қоспайды. Сондықтан да музыкант: «Жастармен фит жасау трендке шығудың бірден бір жолы»,- деген пікірде.
Парвиз Назаров, әнші:
– Өте талантты, креативті жас өнерпаздар менің «Лети» әнімді қайта өңдеп жазуға өтініш білдірді. Мен қарсылық танытпадым. Кейін дуэтте айтуға ұсыныс білдірді. Ал кіммен, қашан ол тосын сый болып қалсын.
Есесіне, Жанна Қуанышева көк жәшіктен орынсыз көріне беруге қарсы. 90-шы жылдары экрандарға жол тартқан «Перекресток» телехикаясы арқылы кеңінен танылған актриса: «Кез келген фильмде бой көрсеткім келмейді»,- дейді.
Жанна Қуанышева, актриса:
- Мені жиі телеарналар, бағдарламалар шақырып жатады. Көрермен сағынатынын білемін. Бірақ кез келген екінші сорттағы сериал мен фильмде әйтеуір түрім көрінсін деген мақсатта бой көрсеткім келмейді. Мен қазір өзім түскім келетін туындыны таңдай алатын жас пен статустамын деп ойлаймын.
Данагүл Темірсұлтанова: «Өнерде аға буынға да орын бар», - дейді. Жастармен иық тіресе жұмыс атқарып келе жатқан актриса, ауқымды жобаларда жиі көрінетін бірқатар әріптесін атап өтті.
Данагүл Темірсұлтанова, актриса:
- Жаннаның орны әрине бөлек, Әбекең бар, бірге жүрміз. Орынбасар деген сияқты. Атмосфера керек қой киноға, партнерларға көп нәрсе байланысты, подача.
Бұдан бөлек, тәжірибесі мол актерлардың гонорары да көңіл көншітерлік еместігі тағы бар. Ал бүгінгі шоу концерттер мен мерекелердің басты қонақтары жас әншілер екені де жасырын емес.