Кезінде атағы жер жарған, концерттерінде стадионды тыңдарманмен толтырған «ALL-Давай» тобының әншісі Данияр сахнаға қайта оралмақ! 20-жылдық тарихы бар топта өнер көрсеткен ол, тіпті соло орындаушы ретінде бірінші бейнебаянын таспалауға кірісіп кеткен.
Данияр Өзбеков, әнші:
– Бұл жобаға мен ұзақ дайындалдым. Бір жыл бұрын тректі жаздық. Жарыққа шығарамыз ба деп жоспарлап едік, пандемия болып кетті. Енді уақыты келді деп ойлаймын. Себебі, бұл бейнебаян өте ауқымды әрі сапалы шығайын деп тұр.
Алайда, ұзақ үзілістен кейін үлкен сахнаға қайта оралуға жүрексінді ме, әйтеуір Данияр тырнақалды туындысын дуэтте ұсынбақ. Өнер иесі DES есімді андерграунд рэпермен коллаборация орнатқан. Жас хип-хоп орындаушы болса, өз кезегінде аты аңызға айналған ұжымның мүшесімен ортақ трек жазғанына дән риза.
DES, рэпер:
– Ал-Давай тобы қанша дегенмен аңызға айналған ұжым ғой. Сондықтан мен Даниярмен ортақ жұмыс жасап жатқаныма қуанштымын. Оның тәжірбиесі мол, меніңші жеке шығармашылығында да оның атағы асқақтайды.
«Лети» трегіне таспаланып жатқан бұл бейнебаянның режиссерлік тізгіні – Жеңісхан Момышевке тиесілі. Кезіндегідей клипмэйкерлікті қайта қолға алған ол, туындының құпиясын ашып қойды. Сюжетке баянсыз махаббат негіз болса, басты рөлдерде - Даниярдың өзі мен актриса Фариза Ескермес.
– Даниядың бір жаңағы кішкене өзінің бірінші сольный әні ғой, дебьют. Сондықтан енді кішкене қолымыздан қанша күш келеді, соншалықты түсіріп береміз.
Ал замандасының клипіне кіріскен Жеңісханға, карантинның қатал талаптары да кедергі бола алмақ емес. Тіпті, режиссер әріптестеріне бұл сәтті Данияр сынды ұтымды пайдалануға шақырды.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
– Наобарот қазір әншілер қорықпасын. Қазір түсіріп, қазір бастау керек. Ертең бәрі орнына кеп, бәрі басталған кезде, сіз бастап жатсаңызх сіз кешігіп қаласыз деп ойлаймын. Ал қазіргі таңда түсіріп жатқан әншілер дұрыс істеп жатыр.
Ал Жеңісхан мен Даниярдың бұл бастамасынан не шыққанын көрермен көп ұзамай біле алады. Клип 8-наурыз халықтың таразысына салынбақ.