555 млн доллар! Бұл Рианнаның 2020-шы жылы тек косметикадан тапқан қаржысы! Барбадостық әнші осылайша бьюти бизнесі арқылы табысымен таңқалтқан танымалдар тізімін бастап тұр. РиРи-дің 2017-де негізі қаланған «Fenty Beauty» атты бренді «Time» басылымы бойынша ең үздік тауар атауына ие болған.
Екінші сатыда Кайли Дженнер! Атышулы сәнбике «Kylie Cosmetics» бренді арқылы бір жылда қалтасын 187 млн долларға қалыңдатқан. Кардашьяндар әулетінің мүшесі бұл кәсіпті 2015-ші жылдан бері дөңгелетіп келеді. Еске салсақ, 2018-де кіші Дженнер бьюти тауарларымен 800 млн пайда көріп, «Forbes» тізіміне енген болатын. Осылайша, ол әлемдегі «ең жас миллиардер» атанған еді.
Поп орындаушы Леди Гага да өнердегі әріптестері сынды косметика шығарып, танылып келеді. Америкалық әншінің әсіресе әтір мен аксессуарлардан құралған «Haus Laboratories» бьюти топтамасы бүгінде әлем бойынша өз тұтынушыларын тапқан. Өнер иесі аталмыш бизнесімен былтыр 141 млн доллар қаражатқа кенелген.