Карантинге қарамастан, шығармашылықтарын шеттетпей, тың туынды ұсына білгендердің бірі – «Ninetyone» тобы. Жігіттер бір емес бірнеше клип түсіріп, иглзды қуанта білді. Топ мемберлері: «Карантин талаптары жеңілдетіле сала, «Señorita» бейнебаянында барынша жақсы локацияларды іздеуге кірістік»,- дейді.
Ninety One тобы:
- Түсірілім өте керемет болды, жан-жақты біздің табиғатты түсірдік, өздеріңіз көріп жатсыздар біздің жер өте әдемі, өте керемет қызық жерлер бар.
Тоқсан бірліктердің «Oinamaqo» бейнебаянында табиғат көрінісін байқауға болады. Қысқасы, топқа туынды таспалауға карантин кедергі келтіре алмағаны анық.
Ал Иль-Куатро тобы: «Квартет құрылғаннан бері, тәуекелге бел буып келе жатыр»,- деп, әзілдейді. Себебі, жігіттердің топ болып құрылып, шығармашылықты қолға алуы карантимен тұспа-тұс келеді. Соған қарамастан, ұжым осы уақытқа дейін 3 бірдей бейнебаян таспалап үлгерген.
«Il Quatro» тобы:
- Қазір енді байқасаңыздар той жоқ, болмаса бір жабық кештер жоқ, негізгі біздің жаңадан құрылып шыққаннан кейінгі түпкі мақсатымыз ол халықпен жақсылап танысып алу. Сол үшін біз барлық стильдегі әндерді халыққа ұсынып жатырмыз. Бірақ енді карантин болғаннан кейін, кризис болғаннан кейін аяққа тұрып елмен бірге көруге тырысамыз.
Серік Ибрагимов болса, пандемияны пайдасына жаратқандай. Әнші блогерлікке бет бұрып қана қоймай, жаңа әріптестерімен коллаб жасап үлгерген-ді. Ондағы мақсаты - карантинде желі жұлдыздарына атанған жастардың аудиториясын өзіне қарату.
Серік Ибрагимов, әнші:
- Аудитория алмасу көбінесе менің оқырмандарым енді үлкен, орта жас болғанымен, бұл кісілерде үлкендер аз болуы мүмкін. Кішкентайлар көп көруі мүмкін деген сияқты нәрселер, коллаборация ғой.
Бұдан бөлек, youtube желісінде ИК-ның да бейнебаяны топ жарды. Топтың карантин кезінде таспаланған «5К» туындысы бір айдың ішінде 7 жарым млн. қаралым жинаған.