Таяуда ғана кенжесінің туған күнін атап өткен Арман Қоңыр қос қызының тәрбиесіне жіті мән береді екен. Жас әке, сұлуларын қаншалықты еркелетсе, бой жете келе соншалықты қаталдық танытанынын айтады.
Арман Қоңырбаев, әнші:
- Әр әке-шеше өзінің бала шағасына жаман нәрсе үйретпейді, ұрсатын болса, тек жақсы болсын деп ұрысады. Біз сөйтіп өстік қой, бізді әке-шешеміз керек жерінде ұрысып, керек жерінде қайта бізді еркелетіп сөйтіп өсірді.
Ал Арманның қайынәпкесі Баян Алагөзова күйеубаласының пікірімен мүлдем келіспейді. Қатал продюсер қыздарына тым жұмсақ. Мақсатқызы: «Балаға таңдау берген абзал, сонда ғана жемісін көресің»,- деп түйді.
Баян Алгөзова, продюсер:
- Қыздарымды тек махаббатпен, бар аналық мейіріміммен тәрбиелеймін. Дұрыс тәрбие бергің келсе, жай сөзбен айтып қоймай, өзің үлгі бола білуің керек деп ойлаймын.
«Өнер қырандарының» өкілі Жанболат Найзабеков те баланың тәрбиесіне немқұрайлы қарамайтын әке. Төрт баланың асқар тауы ұл-қызына тіпті гаджет те ұстатпайтын көрінеді. Актердың пікірінше, балаңды ата-әжеге тапсырып қойып, жұмысты бірінші орынға қою да мүлдем дұрыс емес.
Жанболат Найзабеков, актер:
- Меніңше бала ата-анасымен өскен дұрыс, ата-анасының тәрбиесімен. Өйткені өскеннен кейін өзінің әкесі кім, анасы кім білу керек.