Айқын Төлепберген кинокартинасын қашан ұсынбақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айқын Төлепберген кинокартинасын қашан ұсынбақ?

Пандемия кесірінен тырнақалды туындысын бір жыл сандықта ұстаған Айқын Төлепберген «Операция Гүлдер» картинасын көктемнен қалдырмай көрермен назарына ұсынуға ниетті. Әнші әрі продюсер: «Кинотеатрлардың толық ашылуын тілеуден басқа амалым жоқ»,- дейді.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Енді қазір 30 пайыз ғана халық баратын кезде, ыңғайсыздау болды, бір жағынан біздің киномыз көктем туралы. 8-ші наурыз мейрамы туралы, гүл туралы. Сондықтан 8-ші наурызға арнайы түсірілген кино болғандықтан, 8-ші наурызда шығады.

2021-ден мол үміт күтетін киногерлер қатарында Құралай Анарбекова да бар. Еске салсақ, продюсер өткен жылы түсірген «ТойХана» лентасын әлі де көрермен назарына ұсынған жоқ. Одан бөлек, Құралай «Вирусный гость» атты комедиясының сценариін дайындап қойған. Алайда карантинге байланысты түсірілім жұмыстары әлі де шегеріліп отыр.

Құралай Анарбекова, продюсер, актриса:

- Сценариіміз дайын, бұйырса жаңа жылда біз жұмыс барысын бастаймыз актерларды таңдау, топ жағынан да барлық жиын сол кезде басталады. Әрине, ол адамның денсаулығы сондықтан да біз қазіргі сәтте ештеңе айта алмаймыз. Біз заң бойынша және берілген ережелерді сақтауға тырысамыз.

Өткен жылы карантинге қарамастан, фильмінің тұсауын кескен Жеңісхан Момышев биыл да тағы бір туынды ұсынбақ ниетте. Режиссер «Шымкентский Шерлох Холмс» атты кезекті комедиясын түсірмек. Жеңісханның шығармашылығы үшін пандемия кедергі болмақ емес. Себебі, кинотеатрлар өз жұмысын тоқтатса, Момышев стримингтік сервистің көмегіне жүгінбек.

Жеңісхан Момышев, продюсер, режиссер:

- Менің өзімде де ойым бар сондай «Netflix» ашу. Соған қазір дамып, жалғыз мен емес, жалғыз-ақ адамдар ғана емес, сондықтан «Netflix»-ті 5-6 адам ашып, конкуренция болады. Сондықтан сол конкуренциядан кейін біз онлайнға көшеміз.

Бұдан бөлек, биыл киносүйер қауым Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по-казахски в Турции», Нұртас Адамбайдың «Келинка Сабинасы» және Бүркіттің «СупӘрагенты» туындыларын асыға күтуде.