25 қаңтардан бастап, НТК көрерменінің назарына жедел жәрдем дәрігерлерінің өмірін айна-қатесіз, әрі бүкпесіз көрсететін «103» сериалы назарға ұсынылмақ. Басты рөлдердің бірін сомдайтын Дәурен Айдарқұлов телехикаяға түспес бұрын, медицинаға қатысты біраз білім жинаған көрінеді.
Дәурен Айдарқұлов, актер:
– Дежурный врач дейді ғой біздерде. Яғни приемныйда, қабылдау бөлмесінде ауру адамдарды қабылдаймыз. Әртүрлі скорый помощьтың адамдарымен, врачтарымен кішкене шиеленістер болып қалады. Менің образым жалпы кішкене наглыйлау. Үстіндегі, жоғарыда отырған адамдарға өте сыпайы көзқараспен қараймын. Ал мысалы ақшасы жоқ, мұқтаж адамдарға наоборот.
Ал жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі образын сценаристер Әбунасыр Серіков үшін арнай жазыпты. Импровизацияға жиі жүгінетін актер туындыны толыққанды көруге кеңес береді.
Әбунасыр Серіков, актер:
– Олар сол сценарийді жазған кезде, маған арнап жазған. Халық ертең көреді, қазір бәрін айтып қойсақ қызық болмай қалады. Дұрыс па?
Жедел жәрдем қызметі дәрігерінің рөлін сомдайтын – Бибігүл Ақтанға сценарий оқығаннан ұнапты. Актриса сондықтан ғана телетуындыда төбе көрсетуге келіскен.
Бибігүл Ақтан, актриса:
– Бұл өте жеңіл, көңілді ситком. Менің кейіпкерімнің аты – Мадина. Ол өте аңғал, мейірімді, қарапайым жедел жәрдем дәрігері. Сериал бойы маған тиісетін Арман атты фельдшер болады. Ол біресе арықсың, біресе семізсің, көріксізсің деп тиісумен болады. Бірақ соңында оның маған ғашық екенін білеміз.
Телехикаяда Бибігүле тиісіп, шаршатып жүрген Арман есімді фельдшер - Рүстем Омаров. Актерліктен өзге, жобаның авторы әрі сценаристі атанған ол,
ақ халаттағыларды мүлде өзге қырынан көрсеткісі келгенін айтады.
Рүстем Омаров, сценарист, актер:
– Біз бұл жерде олардың кішігірім айлықтарын, жасалмаған жағдайларын, көріп жатқан қиындықтарын әзілмен араластырып көрсетеміз. Әсіресе бас дәрігерлер мен олардың орынбасарларын қалжыңмен қатты қағытатын боламыз.
«103» сериалы 25 қаңтардан бастап, дүйсенбі-бейсенбі аралығында, сағат 19:30-да ұсынылмақ НТК көрерменіне назарына ұсынылады.