Баян Алагөзова бүгінде трендтен қалмақ емес! Қырықтың қырқасына шықса да, танымал продюсер жастар сынды түрлі видеолар түсіріп, қызықты контент ұсынып жүр. Тіпті, Мақсатқызының харизмасына таңқалғандар қаншама.
Баян Алагөзова, продюсер:
– Шынымды айтсам «Tik-Toк» түсіру идеясы кенеттен ойыма келді. Мен әдемі фотоссессия қаладым. Фотограф қыздар жас қой, тикток түсірейік деп еді, біз бірден келістік. Меніңше жаман емес шыққан сияқты.
Тиктокта 22 мыңға жуық оқырманы бар Алагөзова: «Аталмыш әлеуметтік желіні кәсіби түрде қолға алмадым», - дейді. Әзірге Баян ханым бұл қосымшаны тек көңіл көтеру үшін ғана қолданады екен.
Баян Алагөзова, продюсер:
– Мен кәсіби түрде тиктокер атанайын деп жүргем жоқ, дегенмен Бүгінде ол бағдарлама трендке айналған соң, неге байқап көрмеске. Оған қоса, тикток көңіл-күйді көтереді. Кім не десе де, о десін, бастысы бұл маған позитив сыйлайды.
Райм мен Артур тиктокер болмаса да, сөзсіз бұл платформада жұлдыз. Еске салсақ, Раймның «Двигаться» әнінің хит атануына тиктоктың септігі тиген-ді. Трекке ТМД бойынша 2 млн-нан аса фолловер видео таспалаған.
RaiM & Artur:
- Тиктоктың өзі бір лотерея ғой. Әрбір видео, әрбір өлеңің хит бола салмайды. Ол деген қазір, қалай айтсам болады екен. Ол баққа қарайды ғой, видеоға қарайды да. Ол мықты бір трек болып кейде хит болмау қалуы мүмкін да. Сондықтан тик-токта әртүрлі.
Ал Дарикорн болса Tik-Tok-та қаралым жинап, «рекке» түсу үшін қолынан келгенінің бәрін жасауға әзір. Блогер өзінің күйеуі Дарханмен бірге қызықты контент ұсыну үшін бар уақытын жұмсайды екен.
Дархан & Дарикорн, жұлдызды жұп:
- Минусы ол көп уақыт алады. Ал, плюстары өте көп, неше түрлі движениялар үйренесің, әр түрлі прикольный видеолар көресің, соларға қарап настроенияң көтеріледі. Олар бірдеңе түсіріп жүргеннен кейін, «а че мен түсірейін» деп шығасың.
Осылайша, Дарикорн белсенділігінің арқасында 3,6 млн лүпіл жинап үлгерді. Дариғаның жұлдызы тиктоктың арқасында жанғаны жасырын емес.