Карантин кесірінен жұмысы тоқтаған біраз танымал жаппай мамандығын ауыстырғаны жасырын емес. Эксперттердің айтуынша, 2021 жылы дәрігер мен фармацевт, IT-мамандары мен жүргізуші, курьерлерге сұраныс артады екен. Мұны ұққан «Меховая 8/1» тобының жігіттері: «Бос уақытымызда жеткізу қызметімен айналысып, жан баға аламыз», - деп отыр.
«Меховая 8/1» тобы:
- Міне, курьер тұр ғой. Мен курьер. Жаңа не бар ғой, септик қазу. Ол енді тоқтамаса ғой енді, бола берсе. Ол септик қазу деген өзіміздің неміз бар, а былай маған негізі жүрегіме жақын курьер.
Тәуекел Мүсілім болса, отбасын асырау үшін керек болса шетел асып, жұмыс іздеуге де кетәрі емес. «Инженер-механик» мамандығы бойынша оқу тәмәмдаған ол, екі қолға бір күрек табатынына сенімді. «Бастысы, қашанда еңсені түсірмеу керек» деген ұстанымда.
Тәуекел Мүсілім, актер:
– Енді жұмыс болмай жатса өнерде, амал жоқ өмір сүру үшін басқада жұмыс түрін көруге тура келеді. Өзімнің дипломым бар. Инженер-механик. Машина жасау саласы. Біздің елде әрине ол сала дамымаған. Көреміз, Қазақстанда болмаса мүмкін шет елге кетіп қаламын. Шет елде жұмыс істеп.
Мейіржан Түребаев та диплом бойынша Тәуекелдің әріптесі болуы тиіс еді. Алайда, актер: «Бағым өнерде жанғандықтан, мамандық ауыстырмаймын», - деп отыр.
Мейіржан Түребаев, актер:
- Негізі менің мамандығым инженер-электромеханик, а мен мысалы шоу-бизнеспен айналысып кеттім. Ададарға развлекуха керек, хлеб из зрелищ дейді ғой, дұрыс қой. Зрелищ болмаса, адамдар айлық берсең де, жұмыс берсең де зрелищ болмаса, адамға бірдеңе ұнамай қалады. Зрелище керек постоянно.