Қауесеттің барлығы жыл басында Ашаның екінші сәбиінің қырқынан шығару рәсімін төркінінде өткізуінен басталған-ды. Кейіннен қос тарап та парақшаларынан бір-бірінің суреттерін өшіріп тастады. Ал Ақботаның ата-анасының үйінде жиілетуі, отбасылық жиындарда жары мен қайын жұртының болмауы көп күдігін үдеткендей. Алайда күні кеше Матай туған күнінде күйеуінен алған гүл шоғының фотосын сторисқа салса, соңғы кездері
сүйіктісінің әр суретіне махаббатқа толы комментарий қалдырып жүр. Мұны байқаған оқырман ғашықтардың табысқанына қуануда.
Жеке өмірі ел аузынан түспейтін Ақбота Нұр болса, жанкүйерлерін енді шығармашылығындағы жаңалықтармен қуантпақ. Мәселен, әнші «Махаббат кино» деп аталатын жаңа трек ұсынбақ. Тіпті, туындыға бейнебаян таспаланып қалуы да әбден мүмкін. Соған қарағанда сылқым, өнеріне шындап кіріскен сыңайлы. Бүгінде оның күнделікті түсірлімдерден қолы қалт босамақ емес.
Aroojeanne мен Kyle Ruh-тың сезімдері селт етті ме?! «JUZIM» гелзбендінің экс-мүшесі Ньютон тобының бұрынғы солисті Ерік Төленовпен бірге сурет жүктеп, желіні шулатты! Алайда, q-pop орындаушы мен Kyle-дің арасында махаббат оты тек бейнебаянда маздаған сыңайлы. Себебі, аталмыш фото Аружанның кезекті «Екі жүрек» атты клипінде таспаланған сәт екен.