Күні кеше шаңырақ көтерген Дарикорн мен Дарханның бал айына қатысты жоспарлары жетерлік! Танымал жұп Мальдив аралдарында күнге қыздырынып, романтикаға толы видеолар таспалаумен өткізбек ниетте. «Тіпті, карантин күшейтіліп жатса да, шетелге шығамыз», - дейді жұлдызды жұп.
Daricorn, Дархан Жолшыбеков, блогерлер:
- Осы жылы жаңадан отбасы құрып жатқаннан кейін, иә, бір жаққа барып келейік деп ойлағанбыз бірге. Жылы жаққа. Мальдивы деп айтсай. Барлығына қараламыз. Сол жақта да барған кезде ковидке анализ тапсырып, қайтарда да қауіпсіз түрде істейміз енді. Олай болып жатса, егер күшейтіліп жатса.
Есесіне, Фариза Ескермес карантиннің кесірінен қысқы демалыс туралы уақытша ұмытуға мәжбүр. Актриса: «Жоспарымның күл-талқаны шыққанына налып отырмын», - дейді. Сондықтан да бикеш жаңа жылдық уикендті отбасымен өткізбек. Бірақ бикештің бұған дейін Дубайда демалып келгенін айта кеткен жөн.
Фариза Ескермес, актриса:
- Қазір вирусқа байланысты көп жерлер жабық. Менің барғым келетін жер ол Еуропа. Сондықтан да қазір Европа жабық болғаннан кейін жаңа жылда өзіміздің елде, өзімнің үйімде, ата-анаммен қарсы аламын.
Жарты жылға жуық уақыт бала тәрбиесімен үйде отырған Дильназ Ахмадиева, керісінше демалыстан қатты шаршаған. Әншінің карантин кесірінен үйден шығуға себеп таппай қалған кездері де болған екен. Сондықтан, ешқайда шықпай әбден мезі болған ол 31 желтоқсан күні де жұмыс істеуге әзір.
Дильназ Ахмадиева, әнші:
- Менің жұмысымның өзі маған рақат сезім, демалыс сыйлайды. Биылғы жыл үйде отырып-ақ өткендіктен, жұмысты қатты сағындым. Жұмысқа толығымен оралуға асығып жүрмін.
«Ал содан кейін ғана сәтін салса, шетелге шығып демалып қайтармын», - дейді Дильназ.