Таяуда ғана шаңырақ көтерген Say Мо мен Шәріп Серіктің бақыты баянсыз болғанына көпшілік аң-таң! Рэпер ару актердың анасымен тіл табыса алмауы ажырасуға себеп екенін ашып жазды. Мөлдірдің айтуынша, енесіне оның сахналық образдары мен инста-парақшасы ұнамаған көрінеді. «Мұндайға шыдамаймын», - деген бикеш, Шакентиді сүйсе де, ажырасуға бел байлаған. Шәріп те парақшасынан Мөлдірмен түскен барлық фото-видеоларды өішіріп тастаған.
Дастан Оразбековтың тыңдармандарына жағымды жаңалық! «Ордалық» өнерпаз «Өкінбеймін» атты жаңа бейнебаян ұсынды. Махаббат тақырыбындағы ән, көпшілікке ұнағандай. Клип youtube платформасында бір тәулікке жетпестен 12 мыңнан аса қаралым жинаған.
Отандасымыз Мадияр Оңалдин топ жарды! Yandex.Music Моналдиннің K-Maro-ның «Femme Like U» композициясына жасаған ремиксін 2020 жылдың «Ең үздік электронды әні» деп таныды. Сондай-ақ, трек Shazam-да ең көп ізделген туынды ретінде Топ – 200-ге енді.